Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2805 0 пікір 5 Мамыр, 2011 сағат 07:58

Жоғарғы сот төрағасы алғашқы рет азаматтарды қабылдау күнін өткізді

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Төрағасы Бектас Бекназаров қызметіне кіріскелі бері алғашқы рет азаматтарды қабылдау күнін өткізді,деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының  баспасөз  қызметі.

Бұл жолы жаңа Төрағаның алдына шаруасын айтып келушілер Астана, Алматы қалалары, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Атырау облыстары және басқа да  өңірлерден жиналған. Бектас Бекназаров уақытқа шектеу қоймай, ешкімнің сөзін бөлмей, үміт артып келген барлық азаматтардың арыз-шағым, ұсыныс-пікірлерін өздері қалаған тілде мұқият тыңдады. Осылайша 27 адаммен өткен жеке жүздесу 7 сағатқа созылды.

Шағым айтып келушілердің мәселелері негізінен жер дауы, баспана алу машақаты, алашақ пен берешек турасында болды. Мәселен, алматылық Майра Кетпенова жол апатынан көз жұмған әпке-жездесінің балаларын қосқанда жеті бала асырап отырған ана. Баспанасын сатып кеңірек пәтер алмақ болған ол 35 мың АҚШ долларын алаяқтарға беріп, ақыры алданып қалған. Енді бала-шағасымен далада қалатын түрі бар. Жамбылдық Минюра Құлымбаеваның да пәтер алам деп жүріп басы дауға қалған. Ол баспана алып берем деп уәде еткен адамдарға 70 мың АҚШ долларын беріпті. Кейін не үйдің, не қаражаттың қарасы көрінбей бара жатқан соң ұлы Руслан Әйнеков ақшаны алған адамдардан істің мән-жайын сұрап барған. Әңгіменің арты ұрыс-керіске ұласып, ақыры Руслан Әйнековке әлімжеттік көрсетті деген айып тағылып 8 жылға сотталған. Кейін оның мерзімі 3 жылға қысқартылыпты. Осы күнде Руслан Әйнеков жазасын толық өтеп шықты. Анасы Минюра Құлымбаеваның ендігі мақсаты жас жігіттің тағдырына дақ түсірген сол ақшаны өндіріп алу.

Осы секілді жайттардың барлығын зейін қойып тыңдаған Жоғарғы Сот Төрағасы әрбір іс өзінің жеке бақылауында болатынын және аяқсыз қалмайтынын жиналғандардың назарына салды. Сонымен қатар барлық істердің тыянақты зерттелетінін және қорытындысы туралы барлық шағым айтушыларға жауап қайтарылатынын айтты.

Кездесу барысында судьялардың, сот қызметкерлерінің жұмысы туралы да сөз қозғалды. Төраға ол жөнінде Жоғарғы Соттағы және жергілікті соттардағы жауапты адамдарға нақты тапсырма берді. Екі тілде еркін әңгіме құрған Төрағаның ықыласына қабылдауда болған  жандар риза болып тарқасты.

«Енді мұндай кездесулер алдағы уақытта жүйелі түрде өтіп тұратын болады», - деп атап өтті баспасөз қызметі.

0 пікір