Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5525 0 пікір 5 Мамыр, 2011 сағат 03:34

Бауыржан Халиолла. Бақтықожа бақ болмады, сор болды

Қолымнан ештеңе келмесе де етектегі елімнің тағдырына елеңдемей жүре алмаймын.Бәрін естіп, біліп отырсыздар .Кешегі зар заманның шайыры Мұрат Мөңкеұлы атамыз:  «Ай орнынан туады,Күн орнынан шығады ,Бұның бәрі адамнан » дегенді текке айтпаған ғой.Қазіргі болып жатқан жер бетіндегі табиғи апаттардың барлығы Алла тағаланың адамзаттың ниетіне орай жіберіп отырған ескертпелері секілді.Оның үстіне біздің қазақ ырымшыл халық . Біздің облысқа Бақтықожа Ізмұхамбетов басшы боп келгелі апаттан көз ашпай отырмыз. Келе сала жер сілкінді, қыстың  қақ ортасында су құбырлары, кәріздер  жарылды,  орман -тоғайымыз өртенді,егініміз күйіп кеті,қаншама киіктер мен балықтар қырылды,бәлен мал бруцулез болды ...Қала әкімінің аппарат жетекшісі жоғарғы қабаттан секіріп өлді, әлдекімдердің тікелей ықпалымен әкіммен соттасып Алпамыс Бектұрғанов деген жазушымыз алпысты алқымдағанда темір тордың аржағынан бір-ақ  шықты.Енді  міне, қарт Жайық қаһарына мінді. Шаған мен Деркөл мінез көрсетті.Ұзынқұлақтан естуімізше Ресей кінәлі дейді,қайдам.  Сосын қаншама иновациялық жобалар іске қосылды, біреуі жөнді  жұмыс жасап тұрған жоқ, бәрі де көзбояу үшін жасалған шаруалар. Қысқасы  Ақжайыққа Бақтықожа бақ болмады, сор болды....Жалпы Батыс Қазақстан Астана мен Алматыдан жырақтау жатқасын  кейбір жаңалықтардан қалыс қалып жатады... Сол жағы  жергілікті атқамінерлерге оңтайлы болып отыр.

Қолымнан ештеңе келмесе де етектегі елімнің тағдырына елеңдемей жүре алмаймын.Бәрін естіп, біліп отырсыздар .Кешегі зар заманның шайыры Мұрат Мөңкеұлы атамыз:  «Ай орнынан туады,Күн орнынан шығады ,Бұның бәрі адамнан » дегенді текке айтпаған ғой.Қазіргі болып жатқан жер бетіндегі табиғи апаттардың барлығы Алла тағаланың адамзаттың ниетіне орай жіберіп отырған ескертпелері секілді.Оның үстіне біздің қазақ ырымшыл халық . Біздің облысқа Бақтықожа Ізмұхамбетов басшы боп келгелі апаттан көз ашпай отырмыз. Келе сала жер сілкінді, қыстың  қақ ортасында су құбырлары, кәріздер  жарылды,  орман -тоғайымыз өртенді,егініміз күйіп кеті,қаншама киіктер мен балықтар қырылды,бәлен мал бруцулез болды ...Қала әкімінің аппарат жетекшісі жоғарғы қабаттан секіріп өлді, әлдекімдердің тікелей ықпалымен әкіммен соттасып Алпамыс Бектұрғанов деген жазушымыз алпысты алқымдағанда темір тордың аржағынан бір-ақ  шықты.Енді  міне, қарт Жайық қаһарына мінді. Шаған мен Деркөл мінез көрсетті.Ұзынқұлақтан естуімізше Ресей кінәлі дейді,қайдам.  Сосын қаншама иновациялық жобалар іске қосылды, біреуі жөнді  жұмыс жасап тұрған жоқ, бәрі де көзбояу үшін жасалған шаруалар. Қысқасы  Ақжайыққа Бақтықожа бақ болмады, сор болды....Жалпы Батыс Қазақстан Астана мен Алматыдан жырақтау жатқасын  кейбір жаңалықтардан қалыс қалып жатады... Сол жағы  жергілікті атқамінерлерге оңтайлы болып отыр. Тіпті кейбіреулер біздің өлке жөнінде жағымсыз ақпарат жарияланып кетпеу үшін БАҚ өкілдерімен «өте тығыз» қарым- қатынас орнатып алған. Сосын жазған -сызғаның сол «құлақтар»  арқылы әлгі адамдарға жетеді, соның пәрменімен  « залалсыздандырылады » Сірә  бәрінің ауызын майлап қоятын болуы керек, біздің өңірден БАҚ өкілдері шықпайды және ақын жазушылар келгіш, олар елмен жүзесіп, әдеби кештер өткізіп жатса екен, олай емес, «ақ үйдің» маңайынан алыстамайды... Өз елімді жамандап қайтем,  қазақтың мінін Абай құсап қазып айтқан ешкім жоқ қой. Кешегі су тасқыны кезінде ұрылар қайықпен үй тонап жатыр дегенді естігенде жағамды ұстадым, алаяқтар халықтан ақша жинап үлгеріпті. Еее, дедім де қойдым.Жақында достарыммен жүздесіп отырғанда әңгіме арасында кейбір құрылыс саласындағы кәсіпкерлер апатқа қуанып, алақанын ысқылап, жұмыс алып, үй саламыз деп отыр дегенді естігенде манағы айтқан ниет жайлы ойым оралып отыр, сірә осындай  озбыр, тоғышарлар мысықтілеуленіп апат болса екен еп жүретін шығар. Оларға  халықтың  қамын  емес, нанын жеген пайдалы. Ақұштап апама да жылауға тақырып табылды.

Мәдениетіміз мүгедек, әдебиетіміз әлжуаз күйге түсті...

Шынын  айтсам  Қ.Көшербаев кеткелі біздегі мәдени саладан мән кетті.Мәдениетіміз мүгедек, әдебиетіміздің жағдайы әлжуаз күйге түсті. Кырымбек Елеуұлының елдің  руханиятына жасаған елеулі еңбегін атап өткім келеді.Қатаң тәртіп пен талаптың  адамы болғандыктан жүйелі түрде біраз игі істер атқарылды.Одан кейінгі  Н. Әшімовтің де, казіргі акім Б. Ізмұхамбетовтың  де ауыз  толтырып айтатындай жұмысын көріп отырғаным жоқ.Тіпті қарапайым мысал, белгілі  бір  күнге жоспарланған мәдени шара тоқсан түрленіп, белгіленген мерзімі өзгере  береді.Шамасы әкім жаман түс көрсе көңіл күйі болмай ауыстыра салатын болу керек.Қазіргі жастардың жаргонымен айтатын болсақ «картопты жарып отырған» біздін Батыс Қазақстан облысы.Өйткені мадениет басқармасын басқарып отырған  А.Батырханов деген  зоотехник .Кезінде М. Ыхсановтың көмекшісі болғанмын деп кеуде керетін бұл шенеунік туралы бұған дейін де талай айтқанмын.Айналайын-ау, «сүйегі қурап кеткен партияның»кадрының тауелсіздік тұсындағы мәдениетке  қандай катысы бар?Кезінде әлем мойындаған  Бисенғалиевтың  оркестріне көп ақша бөлінеді деп шу шығарған осы азаматтың  әкімге  қолжаулық болудан басқаға өресі жетпейтіні өкінішті.Ал енді әлемдік деңгейдегі Бисенғалиев пен «Бұқа кесер» Батырхановтың аражігін өзіңіз ажырата беріңіз.... Мәдениет басқармасына қарасты барлық мәдени ошақтарға қолынан іс келмейтін ынжықтарды басшы қылып қойған.Сірә Нұрағаңның саясаты болу керек,өзінен мықты адамды көлеңкеде ұстап, можантопайларды басшы қылып, «көрдіңдер ме, менен асқан мықты жоқ» деген қарапайым  қағида. Облыс әкімінің басқа да атқаратын міндеті көп қой дейтін болсақ, әлеуметтік саланы қадағалайтын орынбасары С. Сүлейменовтің бар-жоғы белгісіз. Аузынан сөзі, иығынан бөзі түскен біреу. Қаншама әдебиет алыптарын дүниеге алып келген Ақ Жайық өңірінде әдеби ортаның қалыптаспауы өкінішті. Оған Жазушылар Одағының басқармасының облыстық филиалы ұйытқы болуы керек емес пе? Кеше ғана әкіммен ұстасамын деп абақтыға тоғытылып шыққан жазушы  А. Бектұрғановтың орнына тартып алғандай қылып қонжиған Ақұштап апамыздың «гимні,  Ақ Жайықтың қыздарының  кіндігін мен жаптым» болып жүр.Осының бәрін айтсаң сенен жаман адам жоқ...Айтпаса сөздің атасы өледі.

www.masa.kz интернет газеті

0 пікір