Жұма, 29 Наурыз 2024
4058 15 пікір 27 Желтоқсан, 2018 сағат 10:56

Дональд Трамп Ирактағы АҚШ әскери базасына барды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иракқа бірінші рет ресми сапармен барды. ABC News хабарлағандай, президент ұшағы 26 желтоқсан күні кешкісін Бағдадтың батысындағы әуебазасына қонған. Америкалық БАҚ-тың жазуынша, бұл сапарды Ақ үй ескертпеген, бұл америкалық сарбаздар үшін тосын сый болған.

Ақ үйдің ресми өкілі Сара Сандерс Трамп пен оның зайыбы Мелания сарбаздарға қызметі үшін алғыс айтып, Рождествомен құттықтағысы келген.

Әскери қызметкерлер алдында сөйлеген Трамп Иракта әскери контингентті қысқарту ойында жоқ екенін айтқан. Бұл жөнінде FoxNews телеканалы хабарлайды.

Ирак аумағында АҚШ-тың бірнеше әскери базасы бар. Сарбаз саны бес мыңнан асады.

19 желтоқсанда АҚШ президенті Сириядан екі ай көлемінде әскерін толық шығаратынын мәлімдеген. Осыдан кейін қорғаныс министрі Джеймс Мэттис наразылық білдіріп, отставкаға кетті. Мұнан бөлек Трамп Ауғанстандағы әскер санын 14 мыңнан жеті мыңға қысқартатынын мәлімдеген.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2282
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618