Жұма, 26 Сәуір 2024
4344 0 пікір 27 Желтоқсан, 2018 сағат 10:28

Түркіменстан төл әлеуметтік желісін іске қосты

Түркіменстанда алғашқы әлеуметтік желі – «Биз бярде» («Біз осындамыз», қысқартылған нұсқасы - «Би-Би») жұмыс істей бастады. Бұл туралы жартылай ресми Медиа-Түркімен ақпараттық агенттігінің «Ориент» сайты хабарлады.

Басылым мәліметі бойынша, сайттың тұсаукесер рәсімі 23 желтоқсанда «Түркіменстан» концерт залында өткен.

«Қолданушылардың көңілінен шығу үшін көп еңбектендік. «Биз бярденің» кемшіліктері жоқ емес, бірақ Түркіменстанда кең тараған әлеуметтік желілерден кем емес», - деді «Сунгат эсери» бас директоры Азиза Бекназарова.

Желі қосымшасын бес мыңнан астам адам жүктеген, үш мыңнан астам адам оны тұрақты тұтынады.

Айта кетерлік жайт, әлемде кең тараған Facebook, Twitter, Instagram секілді әлеуметтік желілер Түркіменстанда ашылмайды. Жергілікті халық прокси сервер қолдануға мәжбүр.

Abai.kz

0 пікір