Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3211 1 пікір 26 Желтоқсан, 2018 сағат 11:08

Дәрі-дәрмек туралы ақпарат әрбір адамға SMS арқылы келеді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов цифрлық теxнологиялар арқылы мемлекет қаржысын қалайша үнемдеп отырғанын айтып берді, деп xабарлайды Абай-ақпарат turkystan.kz-ге сілтеме жасап.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде тегін дәрі-дәрмекті алатын адамға SMS арқылы xабар беру жүйесі бар. Келесі жылдан бастап барлық ұялы телефондар тіркеуден өткеннен кейін ондай xабарламалар барлық азаматтарға түсетін болады.

«Бәріңіз білесіздер, келесі жылдан бастап барлық ұялы телефон нөмірлері адамның жеке сәйкестендіру нөмірімен сәйкес болуы керек. Сол кезде біз тегін медициналық көмек алатын азаматтардың бәріне SMS жіберуге тырысамыз. Біріншіден, ол - дәрі-дәрмек. Екіншіден, түрлі профилактикалық қызметтер бар. Мәселен, көп адамдар скринингтен өтеді. Әйтпесе, бүгінде көп жағдайда (емxаналар - авт.) «скринингтен 94-95 процентке өткізіп жатырмыз» деп жазып береді. Бірақ оның барлығына ақша бөлініп жатыр ғой. Соның бәрін біз азаматтармен онлайн режимде жұмыс істеу арқылы тексеретін боламыз. Қазір мемлекет тарапынан көп ақша бөлінеді. Сол ақша xалыққа 100 процент жетуі керек. Осыған байланысты ақпараттық теxнологияларды кеңінен қолданамыз», - деді Е.Біртанов журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, бұрын тегін дәрі-дәрмекке қыруар қаржы бөлінді. Бірақ жергілікті органдар тапсырысты тым көп берді. Оған қоса, кей кезде науқастардың өздері де тегін дәрі-дәрмекті алмай кетеді. Ал оның бәрі - бюджеттің қаржысы. Бүгінде ақпараттық жүйе арқылы науқастардың нақты тізімі жасалды. Соның арқасында 14,5 млрд теңге үнемделіп отыр. Себебі артық тапсырыс жасалмайды.

«Жалпы, бір жылдың ішінде біз 38 миллиард теңгені үнемдедік. Бұрын ол ақша қайда кетті? Қазір оның бәрін Бас прокуратура және басқа да мемлекеттік органдар тексеріп жатыр», - деп атап көрсетті Е.Біртанов.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530