Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2794 0 пікір 4 Мамыр, 2011 сағат 07:49

Асқар Шаймарданұлы. Ағайын алыстағы, жүрсің қайда?!...

Биыл дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы шақырылады. Құрылтай десе, Улаанбаатарға Н.Ә.Назарбаев келеді десе бастықтар өзге қазақ қазақ еместей, ол жақтан тек соларды ғана шақыртқандай ылғи табақтас-сабақтастарын: сырмақ шеті, сорпа бетіндегі сыбайластарын сыпырып-сиырып ерте кетеді. Биыл да сөйтетін болар. Олардан басқа да қазақтар бар.

Биыл дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы шақырылады. Құрылтай десе, Улаанбаатарға Н.Ә.Назарбаев келеді десе бастықтар өзге қазақ қазақ еместей, ол жақтан тек соларды ғана шақыртқандай ылғи табақтас-сабақтастарын: сырмақ шеті, сорпа бетіндегі сыбайластарын сыпырып-сиырып ерте кетеді. Биыл да сөйтетін болар. Олардан басқа да қазақтар бар. Моңғолияның дерлік барлық қала, аймақтарында қазақтар тұратынын білдіру мақсатымен 2008 жылдың қазан айындағы мына ақпарды әдейі жариялап отырмыз: Архангайдың Эрдэнэ-булганында 6, Баян-Өлгийде 104196, Баянхонгордың Баянлаг, Жаргалант, Баянхонгорында 4, Булганның Булган, Орхонында 3, Говь-Алтайдың Есөнбулагында 5, Дорноговьның Айраг, Даланжаргалан, Их хэт, Өргөнжаргалан, Замын-үүд, Хажуу-улаан, Сайншандсында 394, Дундговьның Адаацаг, Говь-угтаан, Дэлгэрхангай, Сайнцагаан, Сайхановоосында 8, Дорнодтың Баянтүмэн, Баян-уул, Гурванзагал, Дашбалбар, Матад, Халхгол, Цагаановоо, Чулуунхороот, Чойбалсанында 150, Завханның Жавхлантысында, Өвөрхангайдың Хархорин, Хужирт, Арвайхээрінде 27, Өмнөговьның Гурвантэс, Даланзадгадында 24, Сүхбаатардың Баруун-уртында 4, Сэлэнгэнің Алтанбулаг, Баянгол, Баруунбүрэн, Дулаанхан, Зүүнбүрэн, Зүүнхараа, Мандал, Орхонтуул, Орхон, Сант, Түшиг, Шаамар, Хүдэр, Түнхэл, Хушаат, Жавхлант, Сайхан, Цагааннуур, Сүхбаатарында 2183, Төвтің Алтанбулаг, Батсүмбэр, Архуст, Баянцогт, Борнуур, Бүдэн, Жаргалант, Заамар, Лүн, Угталцайдам, Эрдэнэ, Баянчандмань, Баяндэлгэр, Цээл, Аргалант, Зүүнмодында 1388, Увсының Баруунтүрүүн, Бөхмөрөн, Өмнөговь, Тариалан, Түргэн, Тэс, Ховд, Хяргас, Цагаанхайрхан, Улаангомында 520, Ховдының Алтай, Булган, Буянт, Дуу, Зэрэг, Манхан, Мянгад, Мөст, Мөнххайрхан, Үенч, Ховд, Цэцэг, Чандмань, Эрдэнэбүрэн, Дөргөн, Жаргалантысында 15751, Хөвсгөлдің Мөрөнінде 6, Хэнтийдің Батноров, Баянхутаг, Гурванбаян, Галшар, Дархан, Дэлгэрхан, Жаргалтхан, Норовлин, Өмнөдэлгэр, Хэрлэн, Цэнхэрмандал, Бэрх, Өлзийт, Хэрлэн, Өндөрхаанында 2385, Дарханның Дархан, Хонгор, Орхон, Шаранголында 3176, Орхонның Баянөндөр, Жаргалантысында 1067, Говьсүмбэрдің Сүмбэр, Шивээговь, Баянталында 59, Улаанбаатардың 10 ауданында 10167. Жалпысы 150 мыңдай адам бар. Жоғарыдағы сандардың әрқайсысына үңілсек, аудандысында ана тілінде мектеп, медресе, мешіт жоқ. Біршамасының отбасы аралас ұлттан. Баян-Өлгий мен Қобдадан басқа жердегілердің балалары түгіл ересектері ана тілінде сөйлей алмайды.

Бұл, әрине, зәру мәселенің бірі.  Осы тұрғыда дүниежүзі қазақтар қауымдастығы, қауымдастықтың бөлімшелері мәселе көтеріп, шештіруі керек. Мысалы: Архангайдың Эрдэнэбулганындағы 6 қазақтың алтауы да әйел. Әрқайсысында тағдырдың ауыр жүгі бар.

Құрылтайға қатысушылар өзіне мақтау, марапат, баспана сұрау, жұртын күреу, сауда-саттық тәрізді өз басының кәкір-шүкірімен «итшілеп» келгенше, осы тәрізді ұлт тағдырына байланысты мәселе көтеруін Қазақ диаспоралары қалап отыр. Сондай-ақ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан шығарылатын журнал, ақпараттық материалдар Баян-Өлгийге келмегелі де жылдар өтті. Қауымдастық бұл аймақтан неге аулақ кетті?!

«Жібек жолы» газеті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында шығатын апталық басылым

0 пікір