Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2862 0 пікір 4 Мамыр, 2011 сағат 07:26

Экономика қоршаған ортаны қорғау саласымен үндесуі керек-ғалым пікірі

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ресей экология академиясының академигі Ренат Перелеттің пікірінше, экономика экологиямен үйлесімін табуы керек.

Бұл туралы ол  IV Астана экономикалық форумының аясында өтіп жатқан «Жасыл желек - Пост Киото перспективасы» атты тақырыпта өтіп жатқан панельдік сессия барысында айтты.

Ғалымның сөзіне қарағанда, қазір әлемнің барлық мемлекеттері дәстүрлі емес энергия көздерін дамыту қажет деген мәселемен келіседі. «Сондықтан да болар қазір баламалы энергия көздерін дамытуды көміртегіге бай мемлекеттер де көміртегісі мүлдем жоқ мемлекеттер де қолға алуда. Баламалы энергия көздерін дамытуға осы уақытта Ресей де ақырындап кірісе бастады. Себебі алдағы 50 жылдың шамасында көміртегіге деген зәрулік басталады. Ал оны алмастыратын өзге қуат түрі керек. Дегенмен көміртегіге немесе мұнай мен газға бай қандай да бір мемлекеттің одан бас тартып, басқа энергия көзіне ауысқан кезін көрген емеспін. Десе де баламалы энергия көзін дамыту керек деген мәселемен барлығы да келісіп отыр»,-деді ғалым.

Оның пікірінше, бұрындары қоршаған ортаға тек шығынды қажет ететін сала, сондықтан қоршаған орта экономиканың бір бөлігі деген түсінік бар болатын.  «Ал жасыл желекті экономиканың жаңа парадигмасы бойынша экономика қоршаған ортаны қорғау саласымен үндес болуы керек»,- дейді Р.Перелет.

0 пікір