Жұма, 29 Наурыз 2024
«Соқыр» Фемида 10150 13 пікір 24 Желтоқсан, 2018 сағат 07:13

Сағадиевтің жаңа Заңы мұғалімдерді қорғауға қауқарсыз

«Білім туралы» ескі заңды жұмыс істете алмай отырғанда 2019 жылдың маусым айында қабылданғалы жатқан заң орындала ма? Оның үстіне «праве предоставлять» деген сөздер күмәнді болып тұр. Жергілікті атқарушы орган мұғалімді «премияны», және ауылдық жерде жұмыс істеген үшін отын алуға қаражатты беруді, оның сомасын «бекітеді» екен.  Бұның арғы жағында «газетке жазылмайсың ба?», «сенбілікке шықпайсың ба?», «зал толтырмайсың ба?» «міне саған 100 теңге тұр. Онсыз да Қазақстанның әр жерінде ақша әр түрлі беріледі. Берілетін сумма 1 тонна көмірге жетпейді. Кезінде мұғалімге үйінің көлеміне қарай берілген. Электр энергиясын тегін жасаған.

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы. 4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi   «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi» дегеніне қарамастан БжҒМ құрған 78 адамнан тұратын «Мұғалім мәртебесі» туралы заңды қабылдау тобы алғашқы заң жобасын орыс тілінде жасап, 4 желтоқсаннан бастап талқылауға шығарды. БжҒМ заңды талқылауға қосқан мектеп мұғалімдерінің «ватсаптағы» нөмірлері үнсіз. Қазақша мәтіннің аударылғанын «тосып» отыр, бәлкім. Барлық ұсыныстар яғни «Білімді Ел» газетінің редакциясының bilimdiel.project@mail.ru почтасы арқылы қабылданып www.bilimdinews.kz сайтында «талқыланып» жатыр. БжҒМ pressa.edu@gmail.com электронды почтасы арқылы қанша ұсыныс келгенін білмеймін, қазір www.bilimdinews.kz сайтында жалпы оқуға шығарған ұсыныстар сайттың бетімен 79 бет болды. Әр бетте 16 ұсыныс, жиыны: 1264 ұсыныс қана болды жиыны. (23.12.2018) (https://bilimdinews.kz/?cat=603637987).

Фейсбукте  редакция маған жасаған жауабында «бір ұсыныс бірнеше рет қайталанып келген соң шығармадық» дейді. Мейлі, ұсыныс миллион рет қайталанса шығарылуы тиіс. Әркім өзі жіберген ұсынысты сайттарыңыздан көрмеген соң көңіліне күмән ұялайды. Неше түрлі «мас адамның жасаған реформасы» деген сияқты ұсыныстар, «депутаттардың жалақысы керемет, біздікін өсіргісі келмейді» деген ұсыныстар «қиылып» кетіпті. «Әдепсіз» ұсыныстарды заңға тартыңыздар. БжҒМ байланыстары бар ғой сіздерде.

Осыған қарамастан БжҒМ заңды жобалаушы тобы ұсыныстар 8000-нан асты деп мәлімдеме жасады. Бұл жерде редакцияда жатқан, БжҒМ жабулы қазанында жатқан ұсыныстар қысқаша айтқанда мұғалімдердің көзі көрмеген, талқыланып жатқан сайтқа шықпаған ұсыныстар мүлде қосылмауы керек! Менің де бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған 8 ұсынысты осы адреске жібергеніммен «талапқа сай» болмады ма, сол күйі шықпай қалды.  Кейіннен заңға ұсыныс қабылдауға «Салалық білім кәсіподағы» қосылды. Заңда кәсіподақтың «өз есебі» бар сияқты. Қабылданғалы отырған заңның 17 бабына  «Руководитель организации образования при определении дисциплинарных мер и порядка их применения в отношении педагога учитывает мотивированное мнение профсоюзной организации, членом которой он является» деген жолдарын кіргізіпті. Мұғалімдердің Республика көлемінде біз араласқан дауларының 99 пайызында мұғалім соттан жеңіп тұрған күннің өзінде мектепішілік кәсіподақ пен аудандық кәсіподақтар барлығы мектеп басшылығының сөзін сөйлеген, шешім шығарған. Сондықтан бұл жол қажетсіз деп ойлаймын.

«Мұғалім мәртебесі» заңының қазіргі қабылданғалы отырған қазіргі жобасы мұғалімдердің заңды орындатуға, соттасуға өздері көбінесе бара бермейтінін ескерсек, бұл заң мұғалімдерді қорғауға қауқарсыз. Меніңше комиссиядағы адамдар көбінесе басшы адамдар. Олар 5 жылда бір рет біліктілікті көтеруді 3 жыл деп ұсынып жатыр. Қазір мұғалім 3 жыл емес ай сайын «неше түрлі керемет» курстарды өтетін болған. БжҒМ тарапынан түсіндіру жұмыстары өте аз.

Тағы бір түсініксіз жай ол заңда қолданып отырған «ПРОФЕССИОНАЛНЫЙ СТАНДАРТ ПЕДАГОГА». Ол қай кезде қабылданды онда не жазылған, мұғалімдер «ұмытып» қалды. «Сабақ беруге рұқсат беретін сертификат» алу үшін тест тапсыру керек. «Ала алмаса алғанша тапсыра береді» деп түсінік берді БжҒ вице-министрі. Бізде біліктілікті анықтау үшін аттестациядан өтетін мұғалімдердің проблемалары әлі шешілген жоқ. «Портфолио» мен «тестінің» орынын ауыстыру керек. Бірінші «портфолио» өткізсін. Өтсе тест тапсырады. «Портфолиосы» өтпесе қалаға тестке сандалмайды. Ал қазір тестен өтіп келгендер «портфолиосы» өтпей құлап жатыр. «Мұғалімдердің біліктілігі төмендеп кетті ме?» деген сұрақ туындайды осындайда. Қазір БжҒМ түрлі реформалары мен курстарынан мұғалімдер қажыды. Жұмысын тастап кетіп жатқаны қаншама. Осы орайда мұғалімдердің ең көп ұсыныстарының бірі зейнет жасы болған. 25 жыл жұмыс өтілі немесе 55 жас деген ұсыныстар қабылданбай қалды. «Выслуга в лет» пен кетті заң жобасында.

«Мұғалім мәртебесі» туралы заң «Білім туралы» заңнан алынып аздап толықтырыпты. «Білім туралы» заңды орындамай отырғандар оның «көшірмесін» орындай қояр ма екен? Жеке өз басым бұл қабылданғалы отырған заңнан еш жақсылық күтпеймін. Мұғалімдерді қорғауға қолданыстағы заң да жетеді. Бізде заңды орындататын мұғалімдер өте аз. Заңды оқып үйреніп оны қолдана алмайынша жаңадан мың заң шығарсаңыздар да оны мұғалім орындата алмайды. Орындатып дауласатын уақыты да жоқ. Іс насырға шапқанда ғана кіріседі. «Мұғалім мәртебесі» туралы заңға «местные власть обязан» деген   жолдар кірмейінше осы күнгі қалыптарыңыз қалғаны қалған.

Мейіржан Темірбек, «Мұғалім мәртебесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580