Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7631 0 пікір 3 Мамыр, 2011 сағат 07:40

Елсерік. «Ресми тіл» қай тіл?

Тіл мәселесі туралы ақпарат таратқанда қазақ журналистері орыс тіліне «ресми тіл» мәртебесін беруден тайсалмай да, жалықпай да келеді. Бізді сол жаңалықтардымәтінін бекітіп, бақылап, редакциялап отырған редакторлардың сауатсыздығы қайран қалдырады. Мәселе - қазақтілді журналистер мен кейбір редакторлардың қарапайым заңдық сауатсыздығында, яғни, мәртебені орыс тіліне өз қолдарымен беруінде.

Шын мәнінде, орыс тілінің «ресми тіл» екендігі ешбір жерде заңмен бекітілмеген. Оған соншалықты сауаттың да қажеті шамалы және ол жайында талай заңгерлер де, Марат Хасанов секілді социолингвистер де  түсіндіруден жалықпай келеді. Қазақстан конституциясында тілге қатысты  7-бап қана бар:

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.

2. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

3. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

Осындағы 2-тармақта жазылған «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деген сөйлем орыс тіліне ешқандай ресми мәртебе беріп тұрған жоқ. «Ресми түрде... тең қолданылады» деген тіркес бар болғаны «орыс тілін билік мекемелері мемлекеттік тілмен бірге тең қолдана алады» дегенді білдіреді. Бұл ұғымның дәлірегі:  «сол қолданыс кезінде орыс тілінде мемлекеттік қолданыстағы тіл құзыры болады» дегенді аңғартады. Ал, егер оны біздің журналистер таратқандай «ресми тіл» десек, онда орыс тілі де барлық мемлекеттік органдар мен мекемелерде қолданылатын екінші мемлекеттік тіл деген сөз. Көптеген елдерде «мемлекеттік тіл» ұғымының орнына «ресми тіл» термині сол себепті қолданылады, ал біздің қазақ журналистері мәртебесіз тілге өз қолдарымен мәртебе сыйлап жүргенін өздері де ұқпайды.

Бір қызығы, орыстілді журналистер ешқашан да орыс тілін «официальный язык» деп атамайды, өйткені, олар оның қандай мәні бар екенін жақсы біледі, ал көзді жұмып, орыс тілін «ресми  тіл» атап жүрген біздің журналистеріміздің сауатсыздығына күлесің бе,  жылайсың ба? Соны бақылап отырған редакторлардың «сауаттылығына» ше?..

«Абай-ақпарат»

0 пікір