Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5150 0 пікір 30 Сәуір, 2011 сағат 05:03

Көкжал орман шаруашылығындағы өртке себеп болған демалушылар 1 миллион теңге айыппұл төлейтін болды

ПАВЛОДАР.  30 сәуір.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Полиция   мен  өрт қызметі   24 сәуірде    «Ертіс орманы»     резерватының  Көкжал орман  шаруашылығында   болған  өрттің  шығу себебін анықтады,  деп  хабарлады   Павлодар  облыстық ішкі істер  департаментінің баспасөз қызметінен.

Демалыс орнында қалған   алау  орнын тексеру   барысында   сатып алушының  аты-жөні жазылған  екі  чек   қағазы табылып, тәркіленді.   Облыс  орталығының  тұрғыны  болып  шыққан ол азаматтың  22-24  сәуір күні    орманда  достарымен  демалғаны анықталды. Олар  кетерінде демалыстан кейін  қалған  қалдық-қоқыстарды     шұңқырға   салып,  өрт қойған болып шықты.

Демалушылардың  осындай  ойланбай істеген  әрекеттерінің  салдарынан   2,6   гектар  жердің   ағашы өртеніп кетті  - 1 миллион  теңгенің  шығыны келді.  Кінәлілер     өрттің  салдарынан  келген шығынды   өтеуге   міндеттеліп отыр.  Қазір   осы  факті  бойынша   тексеру  жүргізілуде,   сараптама     тағайындалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576