Жұма, 29 Наурыз 2024
Анық 12067 0 пікір 3 Қараша, 2018 сағат 17:11

«Ақпараттық Қазақстан - 2020» және ақпарат маңыздылығы

Бүгінгі ақпараттандыру заманында қазіргі өмірді ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Ақпараттық революцияның екпінді дамуы нәтижесінде ақпарат мемлекеттік басқарудың басты ресурсына айналды. Тіпті ақпараттық мемлекет деген жаңа термин пайда болды. ҚР Президентінің жарлығымен 2013 жылы 8 қаңтарда «Ақпараттық Қазақстан -2020» Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы мақалада біз оның негізгі міндеттері мен бағыттарын толық анықтауға тырысамыз.

Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие болу негізінде әр түрлі процестер және құбылыстар туралы кез келген қызметті тиімді және оңтайлы құруға болады. Ақпараттық қоғамды дамытудың негізгі белгілері компьютерлердің болуы, компьютерлік желілерді және сондай-ақ күнделікті қызметте ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдаланатын, ақпараттық салада қамтылған халықтың санын дамыту деңгейі болып табылады.

Ақпараттық қоғам дамыған және қол жетімді инновациялық және ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымы есебінен халықтың хал-ахуалының жоғары деңгейіне жетуге бағытталған. Қазақстан өз кезегінде жаһандық ақпараттық қоғамның қалыптасу процесіне барынша үлес қосуда. Сол себепті барлық қажетті шарттарды тудыру үшін «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы әзірленген. Бұл бағдарлама біздің елдің ақпараттық қоғамға толыққанды ауысуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бағдарламаның басты міндеттері мыналар: Мемлекеттік басқару жүйесінің тиiмділігін қамтамасыз етуі; Ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету; АКТ-ны енгізу  арқылы тіршілік ету сапасын және шарттарын арттыру;  Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

қпараттық коммуникациялық технологиялар қоғамды жаңғыртудың маңызды факторлары адамдардың өмір сүру салтына, экономикалық көрсеткіштерге ықпалы АКТ қазіргі Қазақстан азаматтарының өмірі мен экономикасы үшін АКТ даму маңыздылығын сипаттайды. Соңғы жылдары АКТ секторында Қазақстан маңызды серпін жасады. Почта байланысы, телекоммуникация саласы және интернетке рұқсат белсенді дамып келеді.

Халыққа және бизнеске ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ қызметін жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары, виртуалды қабылдау, интернет-конференциялар арқылы халық пен мемлекеттің кері байланысы мен диалогының механизмдері іске асырылды. Бірақ ақпараттық қоғамды құру осымен аяқталмайды, үздіксіз жұмыс жүргізілуде.

Бағдарламада қол жетімді электронды денсаулық сақтаудың қызметтерін алуға, қашықтықтан жұмыс істеуге, өмірлік оқу және дайындық, электрондық білім арқылы ақпараттық технологиялармен жұмыстардың дағдыларын алуға және меңгеруге азаматтарға мүмкіндіктер тудыру үшін шарттар көзделген. Сондай-ақ біздің елдің неғұрлым ашық, қол жетімді және бәсекеге қабілетті экономикасын құру мақсатында Бағдарламамен экономиканың негізін қалайтын саладағы зияткерлік жүйелерді барынша көп енгізу көзделеді.

«Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын  іске асырудың  нәтиженсінде  еліміз  мына көрсеткіштерге қол жеткізуді мақсат етіп отыр: 1.  Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет; 2.  «Электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет; 3.  Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%; 4.  Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %; 5.  Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%; 6.  Eлдің ЖІӨ-гі АКТ саласының үлесі  – 4%; 7.  Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%; 8.  Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%; 9.  Компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %; 10. Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%. 11. Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%. 12. Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50%. 13. Жалпы қызмет көрсетулердің  80  пайызын -  электрондық  мемлекеттік қызметтердің үлесі құрайды.

Негізгі міндеттер  - мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін, инновациялық және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық ортаны құру, сондай-ақ отандық ақпараттық кеңістікті дамыту. Бағдарламаны іске асыру мерзімі –  1-кезең: 2013-2017 жыл, 2-кезең: 2018-2020 жыл.

Байқап қарасақ, ақпараттық қоғамды дамыту арқылы біз еріксіз әрбір саланың дамуына күш салмай-ақ серпін береміз. Қазіргі қоғамның қоғамның ақпараттық технология кірікпеген саласы жоқ шығар. Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат деп түсіндік. Ал ақпарат дегеніміз –білу, яғни білім. Ақпаратпен қамтамасыз ету, ақпараттандыру процесі –өміріміздің әр қырында білімді, білуді арттыру және сол білгенді дұрыс қолдану мен пайдалану. Пайдаланып қана қоймай, дұрыс басқару деп түсінген жөн.

Мемлекеттік органдардың барлық деңгейлерінде ақпараттық технологияларды қолдану бақылау тәртібін қамтамасыз етеді, деректердің қосарлануын жояды, ол бюджет шығынын қысқартуға мүмкіндік береді және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттырады.

Тағы бір айта кететін жайт, бұл бағдарлама бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын техникалық жаңарту шаралары қарастырылып отыр. Осының арқасында 2017 жылға қарай Қазақстан халқы 100% сандық хабар тарату сигналдарын қабылдау мүмкіндігіне ие болса, 2020 жылы 1 млн. адам ұлттық спутниктік желіге қосылады.

Жоспар бойынша, 2020 жылға қарай «kz» және «kaz» домендеріндегі интернет-сайттардың саны 2012 жылмен салыстырғанда 50% артатын болады. Бұдан бөлек, қазақстандық телеарналар 110 мемлекеттің аймағында таралатын болды. Ал баспа электронды БАҚ интернет бетінде 95 пайызға көтеріледі екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3600