Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
3374 0 пікір 28 Қараша, 2018 сағат 16:25

Мәжіліс денсаулық сақтау бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді мақұлдады

Мәжілістің екінші оқылымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

Заң жобасында 11 заңнамалық актіге, оның ішінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу көзделген.

Заң жобасы мынадай негізгі бағыттарды қамтиды:

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін және медициналық сақтандыру пакетін енгізу;

Медициналық ұйымдарда корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру;

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын енгізу;

Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін жетілдіру;

Медициналық білім беру және ғылым жүйесін жетілдіру, медицина кадрларын даярлау сапасын арттыру және басқа да бағыттар.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлем мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа моделі ДДҰ-ның халықты денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту жөніндегі принциптеріне сәйкес келеді. Мәселен, ТМККК шеңберінде медициналық көмек барлық азаматтарға, оралмандарға, ҚР-да тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.

МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек ТМККК-дан тыс медициналық қызметтерді қамтитын болады. Бұл халықтың МӘМС жүйесіне қатысуын айтарлықтай ынталандыратын болады.

Денсаулық сақтау саласындағы тиімді басқару мен бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз ету мақсатында заң жобасында:

1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы қадағалау кеңестерінің өкілеттігін кеңейту;

2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда алқалық атқарушы органдар енгізу;

3) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда ішкі аудит қызметін енгізу көзделеді.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының ережелерін іске асыру мақсатында заң жобасында:

ҚР ДСМ-ге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай песрпективалық жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша;

ЖАО-ға ҚР ДСМ-нің келісімі бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарларын бекіту бойынша өкілеттіктер беру көзделген.

Осы нормаларды іске асыру нәтижесінде

1) мемлекеттік инвестицияларды жоспарлауды оңтайландыру;

2) аурухана ұйымдарының шығындарын оңтайландыру;

3) медициналық көмекті интеграциялау;

4) жеке бизнес үшін инфрақұрылымды дамытуға қатысудың тартымдылығын арттыру күтіледі.

2005 жылғы мамырда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ассамблеясы Халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды (ХМСҚ) іске асыру бойынша түзетулер қабылдады.

ХМСҚ Ұлттық үйлестірушісінің өкілеттіктері мен мәртебесін регламенттеу мақсатында заң жобасында ДСМ-ның ХМСҚ енгізу және іске асыру бойынша қызметті салааралық үйлестіру, сондай-ақ ХМСҚ жөніндегі Ұлттық үйлестірушінің мәртебесі мен қызметі туралы ережені бекіту бойынша құзыретін бекіту көзделген.

Аталған түзетулер мынадай күтілетін нәтижелерге алып келеді:

1) қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қауіптер мен төтенше жағдайларды жылдам ескерту және ден қою;

2) қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға, соның ішінде биологиялық, химиялық және радиациялық қауіптерге ден қоюмен байланысты салааралық үйлестіруді және халықаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Заң жобасында медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік және Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың және медициналық білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрларының құзыреттерін, сондай-ақ медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау көзделген.

Сондай-ақ, интеграцияланған академиялық медицина орталықтарын және Nazarbayev University ұқсас университеттік клиникаларды құру механизмі арқылы ғылым, практиканың және білім берудің үштұғырлылығы үшін жағдайды қамтамасыз ету көзделген.

Жаңа енгізілімдер донор институтын және туберкулезбен ауыратындарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіруге; МӘМС одан әрі жетілдіруге; денсаулық сақтаудың ұлттық шоттарын енгізуге; кейбір әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қайта қарауға; қолданыстағы заңнамадағы денсаулық сақтау жүйесі мәселелері бойынша олқылықтарды түзетуді де қарастырады.

Abai.kz

0 пікір