Жұма, 19 Сәуір 2024
Білгенге маржан 4387 0 пікір 20 Қазан, 2018 сағат 15:32

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетеді

Биыл қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Краудсорсинг» жобасының іске қосылғандығы туралы хабарлаған болатын. Аталған жоба өзгерістерге бей-жай емес барлық қазақстандықтарды ХҚО-ларының жұмысын жақсартуға тартуды көздейді. Масалы, азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесін жетілдіру бойынша өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін қалдыра алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласының барлық бағыттары және мемлекеттік корпорацияның қызметі бойынша жалпы өз ұсыныстарыңызды енгізуге болады.Бүгінгі күні астаналықтар ең белсенді қолданушылар болып отыр, олар ХҚО-ның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстардың 1/3-нен астамын қалдырған. Екінші орында оңтүстік астананың тұрғындары орналасты, олардың үлесінде 26%. Осы ретте, жоба іске қосылған сәттен бастап 19 қатысушы анықталып, олардан 23 ұсыныс келіп түскендігін айта кеткен жөн. Ұсыныстардың көпшілігі кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-процестерін өзгертуге қатысты.

2017 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін жеңілдету мақсатында электронды үкімет порталында ЭЦҚ-сыз алуға болатын 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді болды. Бір реттік sms-пароль арқылы алуға болатын алғашқы қызмет түрі биылғы жылдың сәуірінен бастап сотталмағаны туралы анықтама беруден басталды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін жеңілдетеді. Бұл туралы ол  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бесінші бағытын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясында мәлімдеді.

А. Оспанов электронды цифрлық қолтаңбасыз алуға болатын мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту көзделіп отырғанын хабарлады. Сондай-ақ, ол бір реттік sms-парольді пайдалану жеке деректердің қауіпсіздігіне ешбір қауіп тудырмайтынын атап өтті.

«Бір реттік sms-пароль арқылы алуға болатын қызметтер ретінде біз алынуы оңай қызмет түрлерін іріктедік. Азамат бір реттік пароль арқылы қызметтерді алуын бастауы үшін, ол алдымен ХҚКО-на келіп, сәйкестендіруден өтуі тиіс, одан кейін өзінің ұсынып отырған нөмірі тікелей өзіне тіркелгенін растайтын келісімге қол қоюы керек», - деп түсіндіріп өтті А. Оспанов.

Азаматтардан «электронды» анықтамаларды талап етуді шектеу мақсатында түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін өзара байланыстыруды ұйымдастыру жоспарда бар.

Бұдан өзге, Egov.kz порталында азаматтың келісімімен ол туралы жеке деректерді үшінші адамның, мысалға, жұмыс берушінің алу тетігін енгізу жоспарлаған. А. Оспановтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс осы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс және 2018 жылдың басынан бастап аталған қызметті пайдалануға болады.

«Осы жерде айта кеткен жөн, азаматтар ХҚКО-на келіп, өздерінің телефон нөмірлерін ЖСН-деріне байланыстыруы керек. Себебі, сіздің жұмыс берушіңіз сіз туралы ақпаратты сұратқан кезде, сіздің «жеке кабинетіңізге» немесе телефон нөміріңізге біреудің сіз туралы ақпарат сұратып жатқаны туралы хабарлама келеді. Егер сіз келісіміңізді берсеңіз, қажетті ақпарат үшінші тұлғаға жіберіледі», - деді А. Оспанов.

Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын одан әрі дамытуды келесі бағыттар бойынша жүзеге асыру көзделген: мемлекеттік қызметтер ұсынудың проактивті қағидатын енгізу; ЭЦҚ-сыз «электронды» мемлекеттік қызметтер алу және ХҚКО арқылы қағаз түрінде берілетін анықтамалар санын азайту; фронт-кеңселердің инфрақұрылымын дамыту.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін жеңілдететіні жайлы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев та түсіндірді. Бұл туралы министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға жыл сайын 38 миллион мемлекеттік қызмет көрсетеді. Шалғайдағы елді мекен тұрғындары жылына 12 мыңнан астам жылжымалы автомобильді, мобильді ХҚКО арқылы 540 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алады», - деді Абаев министрліктің 2017 жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы өткен баспасөз мәслихатында.

Ол бұдан бөлек, шалғайдағы аудан тұрғындары ауылдық жерлердегі пошта байланысы бөлімшесі арқылы кейбір мемлекеттік қызметті ала алатынын атап өтті.

«Жыл сайын «Қазпошта» бөлімшелерінен 40 мыңнан астам қызмет көрсетілсе, ХҚКО инспекторлары орташа тұрғындарға 35 мыңнан астам рет бару арқылы 47 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті», - деді министр.

Еске сала кетсек, министр 2021 жылға дейін жалпы саны 2 милионнан астам тұрғыны бар 1249 ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтылатынын хабарлаған болатын.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында лауазымдардың бірыңғай тізілімі жасалып, еңбекақы төлеу жүйесі теңдестірілген. Бұл ұйымдастырушылық құрылымды біріздендіруге және оңтайландыруға мүмкіндік берді.

Сөз соңында мемлекеттік қызметті электронды түрде алудың артықшылықтары туралы айта кетейік:

Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік органына өзі келу тәртібімен құжаттарын қағаз жеткізгіште  алып келі, кезекте тұрып, және кезек бойынша салық қызметкеріне жетіп, құжаттарды толтыруға  арнайы уақыт бөлу керек  болады. Бірақ, мемлекеттік қызметті электронды түрде  түрде алу бұл қиындықтарды туындатпайды. Соңғы жылдары көптеген қызмет түрлері тез әрі жылдам болуы  үшін электронды түрге алмастырылды.

Бүгінде ғаламтор-өнеркәсібі қарқынды дамуда,  бұл ғаламтор қолданушылардың  санын көбейтуге алып келуде, яғни онлайн-қызметті пайдаланушылар  саны көбеюде.

Мемлеккеттік қызметті электронды түрде алу сыбайлас  жемқорлықты жоюға сонымен қатар халықпен мемлекеттің қаржылық және уақыт тапшылығын үнемдеуге көмек береді.

Мемлекеттік  қызметті  электронды  түрде  алу рәсімдердің мерзімін қысқартумен қатар оның  орындалуының нәтижелілігін арттыруға және барлығына бірдей қол жетімді болуына жағдай жасайды. Электронды түрде мемлекеттік қызмет алу өз үйіңізден шықпай және жұмыстан сұранбай сұрау жасауды іске асырады.

Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу үшін  салық төлеушіде электронды цифрлық қолтаңба болуы қажет. Электронды цифрлық қолтаңбаны алу үшін салық төлеушінің тұрғылықты орналасқан жері бойынша салық мекемесіне немесе халыққа қызмет көрсету  орталығына өзі келу тәртібімен электронды цифрлық қолтаңбаны алуға өтінішті  қағаз жеткізгіште өткізу қажет, немесе Мемлекеттік қызмет порталының басты артықшылықтары:

-тәулік бойы қол жетімді (мерекелік және демалыс күндеріне қарамастан кез-келген уақытта мемлекеттік қызметті алуға өтініш беру)
-кез-келген электронды құрылғы (компьютер, планшет, ұйялы телефон) арқылы ғаламтордың көмегімен өзіңізге ыңғайлы жерде мемлекеттік қызмет алу қол жетімді;
-жазбаша растауды күтудің қажеті жоқ;
-жұмыс уақытын сонымен қатар салық есептілігін тапсыруға арналған формаларды алуға ақшалай қаражатты  үнемдеуге мүмкіндік береді;
-кезекте тұрудың қажеті жоқ;
-жедел ақпарат;
-қолдау қызметінің болуы;
-салық есептілігінің жеткізілгенін растау;
-өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін тікелей салық органына бармау, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға  ықпалын тигізеді;
-өтініштің өңделуінің әрбір кезеңінде ақпарат алу;
-нысанды толтыру кезінде қателіктердіңмболмауына ықпал ететін жүйелі мүмкімдіктер;
-қызметтерді белгіленген мерзімде алу;

Салық төлеушінің жеке кабинетіндегі бүкіл ақпарат сенімді қорғалған және мемлекеттік қызметті алуға ғана қолданылады.

Abai.kz

0 пікір