Жұма, 29 Наурыз 2024
3507 0 пікір 25 Қазан, 2018 сағат 15:32

Астана декларациясы әлемдік денсаулық сақтау саласындағы тарихи құжат

Бүгінгі таңда бүкіл әлемдегі елдер меншікті медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесін денсаулық сақтау қызметтерімен жан-жақты қамтуға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам ретінде нығайтуға уәде бере отырып, Астана Декларациясына қол қойды. Астана декларациясы 1978 жылы дүниежүзілік державалардың көшбасшылары бірінші рет өздерінің медициналық-санитариялық алғашқы көмек принциптеріне адалдығын білдірген Алматыда қабылданған тарихи декларацияны қолдайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз сөзінде Жаһандық конференция аясында қабылданған декларация денсауулық сақтау саласының негізі болатын алғашқы медициналық-санитариялық көмектің дамуы үшін жаңа бағыт құрады. Жаңа декларация алемнің, адамдардың, қоғамның денсаулық сақтау саласындағы және тұрақты алғашқы медициналық-санитариялық көмек арқылы адмадардың денсаулығын нығайтудағы міндеттерін көрсетеді.

«Барлық елде әрбір адам денсаулық сақтауға негізді құқығы бар, ал күшті медициналық-санитариялық алғашқы көмек осы мақсатқа қол жеткізу жолында маңызды мәнге ие» деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Бас Директоры д-р Тедрос Аданом Гебрейсус (Dr. Tedros Adhanom Ghebreyesus. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек – бұл саяси таңдау, оны әрбір ел жасай алады және жасауы тиіс».

Алматы Декларациясы 1978 жылы медициналық-санитариялық алғашқы көмектің іргесін қаласа да, соңғы төрт онжылдықта прогресс бірдей болған жоқ. Жүздеген миллион балалар, жасөспірімдер мен ересектер бүкіл әлемде инфекциялық емес және инфекциялық ауруларды емдеуді, ана мен баланың денсаулығын сақтауды, психикалық денсаулықты, сондай-ақ сексуальдық және репродуктивті денсаулықты қоса алғанда, сапалы және қолжетімді медициналық-санитариялық алғашқы көмекке мұқтаж.

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек адамдардың басым көпшілігінің денсаулық сақтау қызметтеріндегі бүкіл өмір бойынғы қажеттілігін, оның ішінде балаларын күтуге көмектесе және аналарының денсаулығын жақсарта отырып, қанағаттандырады», - деп баяндады ЮНИСЕФ Атқарушы Директоры Генриетта Форе (Henrietta Fore). «Салауатты ұлт тұрақты дамуға ықпал етеді және әлемдік, көркейіп келе жатқан әлемнің ірге тасы болып табылады».

«Бүгінгі күні бұрынғыға қарағанда адамдардың дендері сау болғанына қарамастан, жыл сайын 6 миллионға жуық балалар өздерінің бесінші туылған жылына қарай шетінеп жатыр, ең бастысы алдын ала болдырмайтын себептерден және 150 миллионнан астам балалар дамуынан артта қалуда», - деді ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Генриетта Фор. «Біз жаһандық қоғам болып осыны, сапалы медициналық қызмет көрсетуді қажет ететіндер үшін қолжетімділікті жақсарту арқылы өзгерте аламыз. Осы дүние алғашқы медициналық-санитариялық көмек болып табылады».

Астана декларациясы Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз ету мақсатында медициналық-санитариялық алғашқы көмекке инвестицияларды көбейту үшін өркендеп келе жатқан жаһандық қозғалыс аясында қабылдануда. Денсаулық сақтаудың ресурстары негізінен күшті, барлығын қамтитын денсаулық сақтау жүйелеріне емес, ауруларды емдеу кезіндегі араласулардың жекелеген жағдайларына шоғырландырылған – бұл соңғы жылдардағы денсаулық сақтау саласындағы бірнеше төтенше жағдайлар кезінде атап өтілген олқылық.

ЮНИСЕФ пен ДҰҰ үкіметтер мен азаматтық қоғамға Астана Декларациясына сәйкес әрекет етуге қолдау көрсетуге жауапкершілікті өзіне алады және оларды осы қозғалысты қолдауға шақырады. ЮНИСЕФ пен ДДҰ елдерге осы Декларацияны басқа әріптестермен ынтымақтастықта жүзеге асыру процесін қарауға қолдау көрсететін болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610