Сенбі, 20 Сәуір 2024
Әлеумет 5385 9 пікір 6 Желтоқсан, 2018 сағат 10:31

Экономикадағы кереғарлықтар қашан жойылады?

Доллар мен евроның, басқа да шетел валюталарының шектен тыс қымбаттап, теңгенің арзандап, құнсыздануы біздің мемлекетімізге, халқымызға зияннан басқа ешнәрсе де әкелмейді. Қымбат валюталар, арзан да құнсызданған теңге шетелдік инвесторлар мен стратегиялық жер асты қазба байлықтары мен шикізатты шетел асыратын және осы аса маңызды стратегиялық нысандарды (объектілерді) жең ұшынан жалғасып, мемлекеттегі қызметтерін пайдаланып заңды белінен басып кезінде жекешелендіріп алған билік пен бизнесті ұштастырғандарға, жоқтан пайда болған олигархтарға ғана тиімді, әрі пайдалы. Бұл мырзалар экспорттан түскен қымбат валюталарды біріншіден, шетел банктерінде сақтайды...

Екіншіден, түсіп жатқан қымбат валютаның аздаған бөлігіне ғана арзан теңгені сатып алып, мемлекетке төлейтін салықтары мен барлық көрсететін қызмет түрлеріне түгелімен құнсызданған ұлттық валютамыз теңгемен төлейді...

Өкінішке орай Ұлттық Банк пен өкімет шетелдіктер мен ХВҚ – ның (МВФ), және де билікпен «үйлесімді түрде» тонның ішкі бауындай қабысып кеткен олигархтардың ашса алақанында, жұмса жұдырығында, солардың саясатын алған беттерінен қайтпай, «ләппайлап»  жүзеге асыруда. Оның есесіне бұл мырзалардың ой - санасынан отаншылдық пен патриотизм, халық қамы мен ел жағдайы деген қасиетті ұғымдар ұшты – күйлі, мүлдем жоғалған?! Бұлардың бар мақсаттары мемлекет мүлкі мен қаржысын қарпып қалу, және де дүниеқоңыздықтың синдромына айналған «тендерден» тиімді түрде «жеу?!» Бұл парақорлық пен жемқорлық жүйенің жегі құрттары мемлекетімізді осылайша іштей ірітуде?!!! Еліміздің келешегінің түп тамырына балта сермеген бұл аса зардапты сұмдық үрдісті кімнің тоқтатары, әзірге белгісіз боп тұр?!

Жалпы қымбатшылық пен инфляцияның, ұлттық валюта теңгенің одан ары құнсыздануының алдын алу үшін,  біздің елімізден экспортқа шығатын өнімдердің барлығы дерлік теңгеге сатылуы керек. Шетелдік сатып алушы заңды және жеке тұлғалар қазақстандық банктерден валютаға теңгені сатып алып, экспорттаушы қазақстандық заңды немесе жеке тұлғалармен тек қана Ұлттық валюта теңгемен ғана есеп айырысуы қажет. (Бірақ мұндай шешім қабылдау үшін ел басқарғандарға мықты саяси жігер мен батылдық пен біліктілік керек!)  Алғашқыда аздап қиындық туғанымен келешекте дені сау елдердің қатарына кіруді, бұл аса маңызды іс-шаралар анағұрлым тездетеді. Ал сатып алған қағаз валюталарға қай заманда да өзінің қызметін адалдықпен атқарып келе жатқан банктік (999,9 Ag) алтын құймаларды көптеп сатып алу қажет! Алтын ешқашанда, өзіндік алтындық қасиетін бір түнде құнсызданып кететін қағаз ақшадай емес, ешуақытта да жоймайды. Одан бағалы табыс көзін, құнды теңгермені адамзат өркениеті әлі ойлап тапқан жоқ! Ел басқарып отырғандар осы жағына көп көңіл бөлуі тиіс!

Банктік алтын қорлары

Бишара болған теңгемді жерге ұрып отырған кім?

Және де айта кетер тағы бір маңызды мәселе, инфляцияны тежеу үшін мұнай өнімдері мен басқа да қуат, отын көздеріне, коммуналдық төлемдерге одан ары бақылауды одан ары күшейту қажет. Өкімет бұл маңызды мәселеде қолдарында мұнай мен көмір кеніштері жоқ болғасын (бәріде шетелдіктер мен олигархтар меншігінде жекешеленіп кеткен) әлсіздік пен шарасыздық танытып отыр. Ал енді кеше ғана Астанада: «Қазақстандық стратегиялық мемлекеттік нысандардың акциялық үлестерінің 15 пайыздан басқасының бәрін жекеменшікке, яғни шетелдіктер мен олигархтарға сатамыз, міне біз үкіметтің осылайша іс – әрекеттерін шектейміз!» - деген Ел президентінің шешімін нағыз тапқырлық пен көрегендік деп, кім айта алды?!. Мұндай әпербақандықты қалай түсінуге болады? Төменде осы БАҚ - та жарияланған мәтінін сол күйінде беріп отырмыз:

Доля государства в экономике страны не должна превышать 15% - Назарбаев

(добавлен текст после 3 абзаца)

Астана. 14 ноября. ИНТЕРФАКС-КАЗАХСТАН – Проводимая в стране приватизация должна уменьшить долю государства в экономике страны до 15%, сообщил президент Казахстана Нурсултан Назарбаев.
"Наша задача - чтобы меньше было правительства в экономике и добиться того, чтобы правительство могло управлять не более чем 15% экономики, для этого начали второй этап приватизации", - сказал Н.Назарбаев на торжественной церемонии запуска торгов на бирже Международного финансового центра "Астана" (МФЦА) в среду.
Он напомнил, что в первые годы независимости была проведена первая приватизация, благодаря которой власти "сдвинули полностью остановившуюся экономику и стали выходить кризиса".

Согласно утвержденному правительством комплексному плану приватизации на 2016-2020 годы, до конца 2018 года две дочерние компании ФНБ "Самрук-Казына" - Air Astana и "Казатомпром" - планировалось вывести на IPO, и одну - "Казахтелеком" - на SPO. 
Во вторник сообщалось, что госфонд "Самрук-Казына" разместил 15% принадлежавших ему акций "Казатомпрома" на Лондонской фондовой бирже (LSE) и бирже МФЦА (AIX). В рамках IPO госфонд привлек $451 млн. 

Ожидается, что до конца 2020 года будут размещены акции других крупнейших госкомпаний страны - "Казахстан темир жолы", "КазМунайГаз", "Самрук-Энерго", "Казпочта", "Тау-Кен Самрук", Qazaq Air.   14.11.2018, 12:08 | backз 

Стратегиялық өндірістер мен транспорттық, энергетикалық, байланыс коммуникацияларын дені сау, дамыған елдердің патриот басшылары ешқашанда жекеменшікке сатқан емес, сатпайды да!

Үкіметтегі біліксіз, дайындықтары тым төмен, тамыр - таныстықпен келген мамандардың орнына білікті отандық мамандарымызды тартпай істің оңбасы анық. Шетелден шақырған мамандар еш уақытта мемлекетіміздің көсегесің көгертпейді! Ал, мемлекет пен стратегиялық кәсіпорындарды арамдық жолдармен басып қалған билік өкілдерінің туыстары мен ұрпақтарынан тұратын, жатып ішер арамтамақтардан құралған менеджментті тез арада түгел тазаламаса мемлекеттің болашағы неғайбыл, мүлдем бұлыңғыр!...

"Кадрың мықты болса, қадіріңнің де мықты болатынын" Қазақстанның бүгіңгі экономикалық және саяси – әлеуметтік жағдайы толығымен ашып берді...

Қазақтың небір мықты кәсіпқой, білікті де, білімді мамандары қазір шетелдерде жүр. Оның басты себебі кадр саясатында Кремльден абсолютті түрде шексіз тәуелсіздік алғандар шындық пен әділеттілік деген ұғымды аяқ асты еткен, парақорлық пен жерлестік індетімен асқына ауырған Қазақстан билігі нағыз кәсіпқой, білікті мамандарға өткен ғасырдың аяғынан бері жол бермей келеді. Нарықтық қатынастардың майын ішкен Англия мен Францияда өндірістеріндегі шетелдіктердің үлес салмағы 15-20 пайыздан аспайтынын өткен мақалаларда айтқан болатынбыз. Ал біздің биліктегі "ғұламалар" жалпы алғанда Ел бойынша 96 пайыздық мемлекеттік үлесті шетелдіктер мен жеке тұлғаларға сатып жіберген. Осылай да мемлекет басқара ма екен?..

Ілесбек Байжанов

Abai.kz

 

9 пікір