Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2848 0 пікір 29 Қараша, 2018 сағат 13:11

Түркістан қаласында «іскерлік орталықтың» құрылыс жұмыстары басталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан құрылған Түркістан облысына ерекше назар аударып отырғаны белгілі. Өңірдегі әр саланы дамытуға нақты тапсырмалар да берген болатын. Елбасының сол тапсырмаларына сәйкес, өңірде әр сала бойынша қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр.

Солардың бірі - Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында басталған «іскерлік орталықтың» құрылыс жұмыстары.Тұтынудың жаңа технологиялары қолданылатын заманауи нысанның капсуласын салған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев осынау тарихи сәттің маңыздылығына тоқталып, болашақ орталықтың жоспарымен бөлісті. Жиынға түркістандықтар да қатысып,  ақсақалдар ақ батасын берді.

«Ауданы 50 мың шаршы метрді қамтитын ғимарат 4 қабаттан тұрады. Мұнда заманауи тиімді кеңселер, су мен энергияны тиімді пайдалану жүйесі қарастырылған. Яғни, іскерлік орталық автоматтандырылған "ақылды ғимарат" қағидасымен жобаланған», - деді облыс басшысы. Нысанның құрылысын «BI group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражаты есебінен жүргізуді ұсынып отыр. Алғашқы іргетасы 2019 жылдың қаңтар айынан бастап қаланатын орталықтың жоспар бойынша аяқталуы 2020 жылдың наурыз айына тура келеді деп күтілуде.

Естеріңізде болса, ҚР Президентінің қатысуымен 2018 жылғы 29 қыркүйектегі өткен кеңесте Елбасы Н.Назарбаев Түркістан қаласында салынатын бірқатар нысандардың құрылысын бизнес өкілдерінің өз қаражаты есебінен жүргізу жөнінде тапсырма берген болатын. Нәтижесінде, сол кезде облыстар мен Ұлттық компаниялар, ірі құрылыс ұйымдары, бизнес өкілдері және шетелдік инвесторлар тарапынан бірқатар құрылыс нысандарын іске асыруға ұсыныстар енгізіліп, қолдау тапқан-ды. Солардың бірі бүгінгі құрылысы басталғалы отырған демеушісі «BI group» ЖШС-і болып табылатын іскерлік орталық ғимараты болғалы отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3508