Жұма, 19 Сәуір 2024
4010 2 пікір 29 Қараша, 2018 сағат 14:56

"Көкжайлауға" қарсы азаматтар Елбасының сөзін тыңдасын!

"Көкжайлау" тау шаңғысы шипажайына қатысты республикалық БАҚ пен әлеуметтік желілерде түрлі пікірталастар болып келеді. Соның нүктесіндей етіп, ҚР Президентінің телерадио-кешені Нұрсұлтан Назарбаевтың тау шаңғысы туралы пікірін жариялады.

Әрине, бұл пікір ертеректе айтылған еді.  Әйтсе де, "50 жастан асқанда шаңғы тебуді үйрендім" деген Елбасының пікірі қазақ үшін "Көкжайлау" тау шаңғысы шипажайының қажет екенін аңғартқандай.

"Дәл мұндай таулар, көріп отырғандарыңыздай, бізде ғана бар. Мұндай жерде туризм бағытындағы тау шаңғысы спортын дамытпау мүмкін емес. Мен жасым 50-ден асқан кезде шаңғы тебуді бастадым. Отбасым мен өзге таныстарым: "Сен неге ол жаққа барасың?" деп сұрайтын. Мен шаңғы теуіп үйрендім. Бұл - тәуекелді қажет ететін спорт түрі. Бұл және өте қызықты әрі ер азаматтарға тән спорт" депті Елбасы.

"Көкжайлау" тау шаңғысы шипажайына қарсылық танытып жүргендер Елбасының осы айтқандарын тыңдаса ғой, шіркін!  Сөздің қысқасы, "Көкжайлау" тау шаңғысы шипажайы керек. Бұндай мүмкіндікті игіліккке пайдаланбасақ, ол табиғатты ластап, таптап жүре беретіндердің табанында "тозуы" мүмкін.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

2 пікір