Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3013 0 пікір 27 Қараша, 2018 сағат 16:41

Түркістанда ақпараттық ХАБ құрылуы мүмкін

Жуырда Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында журналистиканың майталмандары жиылып саланың өзекті мәселелері мен салалық білім берудің жаңа модельдері, жаңа медианың шексіз мүмкіндіктері жөнінде талқы жасады. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы Айқын гәзетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында Ақпараттық хаб құрылуы мүмкін. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен II халықаралық журналистика форумда айтылды.

Түркістан қаласында Білім және ғылым министрлігі мен Қожа Ахмет Яссауи атын­дағы Халықаралық қазақ-түрік универ­ситеті ұйымдастыруымен II халықаралық журналистика форумы өтті.

«Журналистика бойынша білім беру бағдарламалар модельдері: кәсіби стан­дарттар интеграциясы» атты ІІ халықаралық журналистика форумын Білім және ғылым министрінің PR кеңесшісі Майраш Тай­кенова ашты. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті, профессор Болатбек Әбдірә­сілов пен университеттің бірінші вице-президенті, профессор Женгиз Томар фо­румның жұмысына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар жиынға бұдан бөлек декандар, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қыр­ғызстан ЖОО журналистика кафе­драсының меңгерушілері, БАҚ өкілдері, ға­лымдар, магистранттар мен ЖОО док­тор­лары қатысты. Форум қатысушылары жур­налист кадрларды даярлау, отандық БАҚ-ты дамыту мәселелерін талқылады.

Атап айт­қан­да, форумның негізгі бағыт­тары – жур­на­­листика бойынша білім беру бағдар­лама­ла­­рын дамыту, медиа нарыққа маман да­йын­­даудың практикалық құзы­реттіліктері, студенттердің ой-өрісінің жаңа тәсілдері, журналистика кафедрасы оқытушыларының біліктілігін арттыру мәселесін ынталандыру және күшейту.

Осындай ауқымды да өзекті тақырыптарды қамтыған форумның жал­ғасы пленарлық отырысқа ұласты. Онда өзге елден келген БАҚ өкілдерімен бүгінгі күннің журна­листикасы жайы сөз болды.

Форум алдымен «Нарыққа бағытталған білім беру бағдарламалары: академиялық ортадағы жаңа тәсілдер» тақырыбында баспасөз мәслихатымен басталды.

«Бұл өте маңызды кездесу, онда біз ТМД кеңістігінде бірдей және тән медиа про­цес­тердің өзекті мәселелерін көтеріп, ашық талқылаймыз. Бізге медиалық на­рық күтіп отырған журналистерді да­йын­дау са­пасы да маңызды. Яссауи уни­вер­ситетінің база­сын­да техникалық және зият­керлік ре­сурстарды тарта отырып, жаб­­дықталған, заманауи, қуат­ты ақпа­рат­тық хаб құру мүм­кін және қа­жет деп са­най­мын. Бұл БАҚ, жоғары оқу орындары, ха­лыққа ар­нал­ған жо­­ғары са­палы кон­тент­ті ұсына­тын қуатты ақ­­па­рат­тық-тал­дау орталығы болар еді», – деді Майраш Тай­кенова.

Abai.kz

0 пікір