Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
46 - сөз 5731 2 пікір 27 Қараша, 2018 сағат 12:59

Ғабит Мүсіреповтың Раиса Мұхамедияроваға жазған хаты

22.09.1962 жыл

Қымбатты ММ, РР!

Әңгімені жер бетіндегі тұңғыш еркек Адам сияқты әйелге сөз айтудан бастайын. Адресің қайда? Менің дауысым саған жете ме? Мен саған адресіңді толық жаз деп едім ғой. Саған қалай хат жаза­мын?

Әрине, саған бәрібір, өйткені, сені ойлайтын, бір сәт те естен шығармайтын адам бар, ол сен үшін мәңгілік! Қазір ол сенен қашықта болса да сен туралы ойлап, сені сағынып, мазасы кетуде. Сені іздеп таппай, жаны жай табар емес. Сен жүрген қаладағы барлық қонақ үйлерге телефон соғып іздесе де таппады. Қайда жүрсің, менің Қара қызым!

Кеткелі бір апта болды, хабарың жоқ, жеделхатпен үйге адресіңді хабарла, өтінемін. Аэрофото ма, теле-космоспен бе, тез хабар бер! Бұл үйде қалған сенің ең қымбат адамың үшін өте қажет.

Сенің жаның қандай таза, ММ! Тіпті, кейде сәбидей томпиып, өкпелеп қалғанда да өте сүйкімдісің. Кінәлі болмасаң да кінәлі жандай мойындай салатын әдетің ше?! Мұндай қылық көп адамда кездесе бер­мей­ді. Әйтеуір мені кінәлаудан қашан да аулақ тұрушы едің. Жалғыз адам ойшыл болады екен. Тезірек оралшы, ММ.

Саған үш нәрсе тілеймін: біріншіден — ауырма, екіншіден — жұмысыңның сәтті аяқталуын, үшіншіден — өзіңнің сүйіктіңнің құшағына оралуды.
Мәңгілік сүюші М.М.Ғ.

"Мәң­гілік" деген сөзді осы уақытқа дейін ешкім­ге айтқан жоқ едім…

Әсет Ақмолданың facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір