Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Саңлақ 4894 6 пікір 19 Қараша, 2018 сағат 17:35

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы қайта жасақталды

12-18 қараша аралығында Ақтау қаласында өткен бокстан Қазақстан чемпионаты қорытындысына сай ұлттық құрама қайта жасақталды.

Еліміздің бас командасында орын алған өзгерістер жайлы құрама бапкері Мырзағали Айтжанов мәлімдеді.

Айтжановтың айтуынша, жаңа команда құрамына ел чемпионатының жартылай финалына жеткен барлық боксшылар енген. Сондай-ақ, жастар құрамасынан да бірнеше спортшысы шақырту алып отыр.

«Ұлттық құрамаға тұңғыш рет қабылданған спортшылар – Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов. Кейбір салмақтарда үздіктердің орны ауысты, төртінші нөмірлі спортшылар үшінші сатыға өтті. Ал 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов мансабын аяқтады, оның орнын Бек Нұрмағанбет басады деп сеніммен айтамын», - деді Айтжанов.

Бокстан Қазақстан командасының толық құрамы: 

49 келі

Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы)

Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы)

Жандос Несіпжан (Алматы облысы)

Жомарт Ержан (Түркістан облысы)

52 келі

Әнуар Мұзапаров (Алматы облысы)

Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы)

Азат Махметов (Астана)

Абай Қуандықов (Ақтөбе облысы)

56 келі

Қайрат Ерәлиев (Түркістан)

Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы)

Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл облысы)

Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау)

60 келі

Зәкір Сафиуллин (Шымкент)

Саматәлі Толтаев (Маңғыстау облысы)

Серік Теміржанов (Павлодар облысы)

Бағдат Уайдиев (Қызылорда облысы)

64 келі

Санатәлі Толтаев (Маңғыстау облысы)

Бекдәулет Ибрагимов (Түркістан облысы)

Сабыржан Бекбергенов (Ақмола облысы)

Талғат Шайкен (Ақмола облысы)

69 келі

Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы)

Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы)

Мәулен Өскенбек (Маңғыстау облысы)

Ермахан Жакпеков

75 келі

Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы)

Ерік Әлжанов (Маңғыстау облысы)

Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда облысы)

Нұрбек Оралбай (Астана)

81 келі 

Бек Нұрмағанбет (Түркістан облысы)

Михаил Коханчик (Қостанай облысы)

Тимур Ержанов (ШҚО)

Нұрлан Сабыров (Маңғыстау)

91 келі

Василий Левит (Астана)

Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау)

Абзал Құттыбеков (Түркістан облысы)

Айбек Оралбай (Астана)

+ 91 келі

Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда)

Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы)

Айболды Дәуренұлы  (Маңғыстау)

Дамир Тойбай

Abai.kz

6 пікір