Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 4903 11 пікір 31 Қазан, 2018 сағат 11:21

Шеттен келген қандастардан премьер, министр, депутат, облыс әкімі шықты ма?

Тәуелсіздік алғаннан бері жатжұрттан миллионнан аса қазақ қандасымыз (Қазақтандағы қазақтың 8 пайызы) елге оралғанын мақтан тұтамыз.

Алайда, 27 жыл өткенде сол ағайынды жатсынбай бауырға баса алдық па -  Мемлекет және қоғам деңгейінде?

Бұл онсыз да ХХ ғасырда түрлі сұрапыл нәубеттерден жартысынан астамынан айрылып, бөлінген аз халық үшін ұйымшылдық пен өміршеңдік мәселесі.

Бір ғана сауал - осы мерзімде "оралмандар" арасынан неше премьер, министр, депутат, облыс әкімі шықты?

Білуімше, ешкім, (қателессем, түзетерсіз). Бір миллион адам арасынан! Ойлантарлық.

Расул Жұмалының facebook парақшасынан

Abai.kz

11 пікір