Жұма, 29 Наурыз 2024
3503 1 пікір 31 Қазан, 2018 сағат 10:23

Өзбекстан 2023 жылдан бастап метанолдан бензин өндіреді

Оңтүстік Кореяның GS Engineering & Construction Corporation компаниясы 2022 жылдың аяғында Өзбекстанда метанолдан бензин өндіруді іске қосады.

"Өзбекстанда химия өнеркәсібін жедел дамыту жөніндегі шаралар туралы" президент жарлығында октаны жоғары бензинді "Навоиазот" АҚ басында өндіруді ұйымдастыру жайында айтылған. Жобаның алдын ала құны - 200 млн доллар, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Биыл желтоқсан айында GS, "Узхимпром" және "Навоиазот" бірлескен кәсіпорын құру туралы құжаттарға қол қояды. Кәсіпорын жылына метанолдан 104,3 мың тонна бензин және 14,4 мың тонна пропан-бутан қоспасын өндіреді.

2019 жылдың соңына дейін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайын болады.

2020 жылдың мамырында зауыт құрылысы басталып, 2022 жылы желтоқсанда кәсіпорын іске қосылады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3587