Сенбі, 20 Сәуір 2024
3141 0 пікір 29 Қазан, 2018 сағат 16:28

Алматы қаласының жалпы өңірлік өнімі 4%-ға өсті

Өткен жылғымен салыстырғанда Алматы қаласының жалпы өңірлік өнімі 4%-ға өсті. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Бағдат Телебай БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Абай-ақпарат Baq.kz-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, соңғы 9 айда тауарлар өндірісінің үлесі 6,8% – ды, қызметтер-86,4% - ды құраған, ал тіркелген заңды тұлғалар саны 170 мыңнан асқан.

«Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 5,2%-ға, бөлшек сауда айналымы 10,1% артты»,-дейді ол.

Сонымен қатар ол, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына тоқталып, аталған бағдарлама тімді болғанын, көптеген кәсіпкерлер оны қолданып жатқанын жеткізді.

«Осы жылы бұл бағдарлама бойынша 130-ға жуық жоба мақұлданды. Бұл жобаларды іске асыруда 1404 жұмыс орны сақталып, 700 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл бұл жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ осы жылы Алматы қаласындағы шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін арттыруға жергілікті бюджеттен қосымша 1,7 млрд теңге бөлінді, 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, 31 млрд теңгеден астам салық төленді. Мемлекет басшысының «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту жөніндегі тапсырмасы үлкен әлеуметтік-экономикалық нәтиже береді деген сенімдемін», - дейді Б.Телебай.

Abai.kz

0 пікір