Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
46 - сөз 7184 0 пікір 29 Қазан, 2018 сағат 13:52

Ілияс Жансүгіровтың Фатима Ғабитоваға жазған хаты

Бұрынырақ махаббат бар ма дегенге күдікті қараған, бағаламаған, жабайы қазақпын. Соңғы жылдарда барлығы түгіл, соның жан қорлығын тартып жүрген сорлымын. Бірақ сол өмірдің ішінде сені сүйетінімді жарыққа шығарып, саған нахальство істегенім жоқ. Сырттан сағынумен келем.

Мүмкін қадары сені көрмеске, "жолдастық" әдетін сындырмасқа өткен жыл жарымдарда тырысқамын. Керек десе, жанымның жауабын, жүрегім сырын саған ашқаным да жоқ. Аяғы болмады, еріксіз айналдым. Жаным жай таппай, сені сүюім жылдан-жылға есейді. Күннен-күнге күшейді. Аяғында шыдамадым. Шектен шықты. Ескі тәртіпті, әдетті бұздым. Саған ашық сөйледім. Хаттарымда осы сарын жазыла бастады.

Соңғы хатымда анығын айттым. Осыған қарағанда, менің сүюім жігітшілік те емес. Ақындардың әйелге әуестігі де емес. Менің, сені сүюім — өзіме таңдаулы, тауанды махаббат. Ұзақ өмірдің сүю сарыны сияқты.

18. IV. 1932 жыл

Әсет Ақмолданың facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2244
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2600
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2568
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1687