Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3414 1 пікір 26 Қазан, 2018 сағат 10:18

Б. Сағынтаев: инвесторларға Қазақстанның АӨК саласын дамытуға қаражат салған өте тиімді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Astana Agro Forum 2018 агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі бірінші халықаралық форум жұмысына қатысты. Екі күндік бағдарлама шараларына халықаралық сарапшылар қауымының және үкіметтік емес сектордың өкілдері, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, жергілікті атқарушы органдардың басшылары және т.б. жалпы 800-ден астам адам қатысуда.

Форумның ашылуы кезінде Премьер-Министр шара қатысушыларына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың егін жинау науқанының аяқталуына орай арнаған сөзін оқып берді.

«Құрметті ауыл еңбеккерлері! Дамыған аграрлық секторы бар ел ретінде Қазақстан үшін егін жинау науқаны қашан да маңызды іс. Қолайсыз ауа-райы жағдайында жиналған биылғы түсім – сіздердің аянбай төккен терлеріңіздің және кәсіби шеберліктеріңіздің нәтижесі. 22 млн тоннадан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, бұл ішкі қажеттілікті толықтай қамтумен қатар, шетел нарықтарына үлкен көлемде экспорттауға да мүмкіндік береді. Осындай жоғары көрсеткіштер еліміздің әлемдегі ірі астық өнімдерін шығарушы ретіндегі мәртебесін кезекті рет дәлелдеп отыр.

Ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан жүйелі реформалардың арқасында осы стратегиялық маңызы бар саланың әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығы айтарлықтай өсті. Мемлекет агроөнеркәсіптік кешенді жан-жақты қолдауды бұдан әрі жалғастырады, осылайша заманауи технологияларды тартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және оның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етеді.  

Еліміздің барлық шаруаларын 2018 жылғы егін жинау науқанының жемісті аяқталуымен құттықтаймын! Қазақстан халқы сіздердің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, еліміздің өркендеуіне жұмсаған күш-жігерлеріңізді жоғары бағалайды. Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге алдағы уақытта да табыстар тілеймін!», — делінген Мемлекет басшысының құттықтау сөзінде.

Пленарлық сессия барысында Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев, Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы бойынша сарапшысы Сергей Зоря және «Grand Farm Meats» президенті Чен Сибина баяндама жасады.

Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев саланың биылғы дамуы және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы айтып берді. Мәселен, АӨК өнімдерінің экспорты сегіз айда 30%-ға өсті, соның ішінде ауыл шаруашылығы қайта өңдеу өнімдерінің экспорты 11%-ға артты. Бұдан өзге, ауыл шаруашылығы саласына түскен инвестициялар ағымы 14%-ға (239,7 млрд теңге), азық-түлік өнімдеріне 32%-ға (76,8 млрд теңге) ұлғайды. Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі АӨК субъектілеріне қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, аграрлық ғылым мен білімді реформалау, етті мал шаруашылығы мен экспорттық әлеуетті дамыту үшін жағдайлар жасау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы инвесторларға айтып берді.

Өз кезегінде Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы жөніндегі сарапшысы С. Зоря ет өніміне деген әлемдік сұраныс, оның қауіпсіздігі мен дамуындағы жаһандық үрдістер туралы айтып берді. Grand Farm Meats компаниясының президенті – Қытайдың Ет одағының басшысы Чен Сибин ҚХР ет нарығын дамытудың қазіргі жағдайы, өзге елдермен ынтымақтастық, сондай-ақ, ет өнімдерін экспорттау тұрғысынан Қазақстанмен өзара іс-қимыл перспективалары туралы айтты.

Пленарлық сессия спикерлері баяндамаларының қорытындысы бойынша Премьер-Министр Б. Сағынтаев бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені инвестициялар үшін аса тартымды болып отырғанын атап өтті. Инвесторларға ҚР-ның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға инвестиция салған өте тиімді, себебі әлемдегі ірі нарықтарының бірі — Қытайды қоса алғанда, ірі сауда нарықтарына жол ашылады. Өз кезегінде, Қазақстан халықаралық тәжірибені ескере отырып, түрлі мемлекеттік бағдарламаларды қабылдау арқылы АӨК-ті қарқынды түрде дамытып жатыр. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі — өткізу нарықтарын кеңейтуге, шет елдерге жеткізілімдерді арттыруға және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін, саланы технологиялық қайта жарақтандыру және ғылым.

«Өткен жылы Мемлекет басшысы “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” жолдауында ауыл шаруашылығы экономика драйвері екенін нақты белгілеп көрсеткен еді. Биыл Президент “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” жолдауында бес жыл ішінде еңбек өнімділігін 2,5 есе көбейтуді, бағдарлама үшін жыл сайын қосымша 100 млрд теңге қарастыруды, Ұлттық банк тарапынан экономика дамуына 600 млрд теңге көлемінде қаржы бөлуді, оның 200 млрд теңгесін ауыл шаруашылығы саласына бағыттауды тапсырды. Қолда бар қаражаттарға қосымша 300 млрд тг қосылды. Қазіргі таңда Дүниежүзілік банк несиелер түрінде $500 млн инвестиция салуға әзір», — деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау жүйесі экспортқа бағдарланған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына басымдық беретіні аталып өтті.

Форум алаңында Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін ірі трансұлттық компаниялардың өкілдерімен ұжымдық кездесу өткізді. Олардың қатарында Farm Frites Beheer B.V, Grand Farm Meats, Hyundai Corporation, AGCO, CLAAS, Dal Holding Investment Co, Valmont Middle East FZE және т.б. компаниялар бар. Сондай-ақ, кездесуге мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, салалық қауымдастықтар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өкілдері қатысты.

Инвесторлар Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобалармен таныстырды. Бұл — фри-картоп шығаратын зауыт құрылысы, ауыл шаруашылығы тракторларын шығару, ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру, қант шығаратын заманауи зауыт құру, жылыжай Агропаркінің құрылысы және т.б.

Бүгінгі таңда Қазақстанда АҚШ-тың AGCO, ирландиялық Dunbia, италиялық Inalca, немістің CLASS, оңтүстік кореялық Hyundai секілді трансұлттық компаниялардың жобалары іске асырылуда. Ауыл шаруашылығы саласына инвестициялар ағымы 14%-ға ұлғайды.

Қазақстан тарапынан «Қызылша» ЖШС жобалар басшысы М. Бейбітбекұлы мен «Bio Grain» ЖШС бас директоры Д. Өтебаева АӨК дамуы үлкен экономикалық және әлеуметтік маңызға ие екенін, ел халқының жартысына жуығының негізгі табыс көзі екенін атап өтті. Сонымен бірге, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту және өзара тиімді негізде ауыл шаруашылығы саласында бірлескен өндіріс орындарын құру аса маңызды.

Кездесу соңында Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасарлары шетелдік компаниялармен инвестициялық жобаларды табысты іске асыруға негіз болатын жол карталарына қол қойды. Өз кезегінде Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан инвесторларға барлық қажетті қолдауды көрсетуге әзір.

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3515