Жұма, 29 Наурыз 2024
3797 12 пікір 26 Қазан, 2018 сағат 10:08

Сауд Арабия билігі оппозициялық журналист Хашоггидің қасақана өлтірілгенін мойындады

Саударабиялық журналист Жамал Хашогги өлімінің ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы оның қазасының қасақана болғанын мойындады.

Бейсенбі күні Сауд Арабияның мемлекеттік арнасы журналистің өліміне байланысты хабар таратты деп жазады Reuters. Мемлекеттік айыптаушы Хашоггидің өліміне байланысты Сауд Арабия және Түркия тергеушілерінен құрылған топ күдіктілерден жауап ала бастады деп мәлімдеген. "Түрік тарабының Хашоггидің өлімі алдын ала ұйымдастырылған деген ақпаратты растады",- делінген мәлімдемеде.

Оппозициялық журналист Жамал Хашогги 2 қазанда Сауд Арабияның Стамбұлдағы консулдығына кіргеннен кейін, ізім-ғайып жоғалып кеткен. Түркия билігінде оның өліміне қатысты аудиожазба бар болып шықты. Стамбұлға Сауд Арабиядан бірер күн бұрын келген адамдар консулдық аумағында Хашоггиді тергеп, кейін оны өлімші етіп қинап, денесін бөліп тастаған.

Өткен аптада Сауд Арабия билігі Хашогги консулдықта аяқасты төбелестен қаза тапты деп мәлімдеген. Король Салманның қарамағындағы 18 адам қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталып, ханзаданың бес кеңесшісі қызметінен алынған.

Түркия Сауд Арабияның журналист өлімі кездейсоқтық дегенін сынға алды. Сейсенбі күні Түркия президенті Режеп Ердоған оппозициялық журналист Жамал Хашоггидің өлімі қасақана, алдын ала ұйымдастырылған деп мәлімдеді.

Бірер күн бұрын Сауд Арабияның мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман Хашоггидің қазасын "адам шошырлық қылмыс" әрі "барлық саудиялықтар үшін өте ауыр оқиға" деп мәлімдеді. Сол күні АҚШ президенті Дональд Трамп The Washington Post газетіне берген сұқбатында саудиялық арнайы қызметтің жасаған журналисті өлтіру операциясына мұрагер ханзада жауапты деп мәлімдеді.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616