Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 5226 25 пікір 26 Қазан, 2018 сағат 07:30

Бұл - өліп бара жатқан құбыжықтың соңғы жанайқайы

Соңғы жылдарда қанішер Совет заманын аңсаушылар көбейгендей көрінеді. Өлмейтін полк шерулері, казактарды тайраңдатып қою, енді міне комсомолдың мерейтойын жер-жерде атап өту соған куә.

Алайда бұл өліп бара жатқан құбыжықтың соңғы жанайқайы. Оны әзірше тірілтіп отырған – путиндік Ресей мен оның жергілікті жанкүйерлері – барын салуда, ақшасын аямауда, лауазымдарын заңсыз пайдалануда. Өшу алдындағы путиндік жүйе өзімен қалсын.

Ал, Қазақ жерінде ондайлар азар болғанда 5 пайыздан аспас. Рас, олар жоғары мансапты, қалталы, ықпалды. Тек әлгілердің ең басты құдіреті - қалған 95 пайыздың үнсіз отырғаны. Өз кезегінде үнсіздікті келісіп-қолдау деп жорыған олар өз дегенін жүргізуде.

Десе де, қаншама бағынышты, алданған, әлсіз әрі хұқығы тапталған болса да, болашақ көпшілік қолында. Өйткені бұл - намысын жоғалтпаған, құлдықтан ада, арын сатпаған қоғам, ең алдымен жастар. Мәселе аталған көкжиекті мейлінше жақындатуда жатыр.

Ендеше құр санға тоқмейілсіген қате. Сан сапаға, ал арты халықшыл шешімдерге айналу үшін белсенділік таныту қажет. Сонда ғана отар заман жақтаушылары үні өшіп, азат мемлекет орнайды.

Расул Жұмалының faceboobk парақшасынан

Abai.kz

25 пікір