Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Саңлақ 3780 0 пікір 23 Қазан, 2018 сағат 11:02

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (3-0, 1 КО) АҚШ төрінде өткізетін жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды.

Бұл туралы боксшының баспасөз хатшысы Берік Сұлтан өзінің Facebook-дегі парақшасында мәлімдеді.

Бұған дейін отандасымыздың 3 қараша күні Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында шаршы алаңға шығатынын хабарлаған едік. Кеше белгілі болғанындай, аталған бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы 13 жекпе-жек өткізіп, 12-ін жеңген америкалық Ван Александрмен жұдырықтасатын болды

Естеріңізде болса, Жәнібек Әлімханұлы биыл маусым айында әлемге әйгілі промоутер Боб Аруммен келісімшартқа қол қойған болатын.

АҚШ төрінде өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшылар аз емес. Алайда, жанкүйерлер әлі де Геннадий Головкиннің орнын басатын былғары қолғап шеберін байқай алған жоқ. Қанат Исламнан күдер үзген көпшілік жаңа есім іздей бастады. Кәсіпқой бокстағы жолын жаңа бастап жатқан жастарды айтпағанда, әуесқой бокста тәп-тәуір жетістікке жеткен Жәнібек Әлімханұлы қазақ жанкүйерлерінің үмітін ақтауға бір табан жақын деп есептейміз.

Abai.kz

0 пікір