Жұма, 29 Наурыз 2024
Саңлақ 3663 6 пікір 22 Қазан, 2018 сағат 09:29

Шетелдік спортшылардың жетістігін қашанғы малданамыз?

Қазақ талантты халық. Кез келген саланы бағындырып, әлемдік деңгейде рекордтар жасауға мүмкіндігі мол. Оны көріп те жүрміз. Бірақ «Ауылдағының ауызы сасық» демекші, спорт саласына шетелдік легионерлерді шақырып, миллиондар шашамыз. Намыс үшін. Бірақ қандай да бір халықаралық жарыстардағы жеңісті бізге легионерлер әперіп жатса, оны жұрттың бәрі көріп отыр ғой. Күледі. «Қазақтар өздерінің шамасы жетпеген соң, тағы шетелдіктердің арқасында аттарын шығарып жүр» деп. Намысты жібермейміз деп жасаған ісіміз намысымызды таптап жатыр.

Намыс демекші, кезінде ұлтжанды азаматтар «Намыс» атты балалар футбол құрамасын жасақтап, шет елге оқып, жаттығуға жіберіп еді. Сол балалардың үлкен спортқа жолын ашуға лайықты әрекет жасалмады. Тіпті, осыдын аз уақыт бұрын легионерлердің жергіліктілерді командаға кіргізбеу үшін барын салатыны туралы ақпарат та жарық көрген болатын. Оларға керегі – ақша. Жалпы, осы шетелдік легионерлерге, жалпы спортқа бөлінетін ақша мен оның тиімді пайдалануын жақсылап тексеру қажет. Елдің намысы осы елдің азаматтарына керек. Бірақ өз спортшыларымызды тәрбиелеп, өсіру мәселесіне әлі күнге лайықты дәрежеде көңіл бөлінбей келеді. Кеше Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды халқымен кездесуінде осы мәселеге қатысты сын пікірін ортаға салды.

- Біз көбіне шетелдік спортшыларды шақырамыз. Жеңіс те әкелер. Бірақ бұл көрсеткіш пе? Жоқ. Біз қазақ жастары, қазақстандық жастар арасынан олимпиада чемпиондарын, әлемдік және құрлықтық чемпионаттардың жеңімпаздарын дайындауымыз қажет. Бұл үшін біз балалар мен жасөспірімдер спортын, дене шынықтыруды, салауатты өмір салтын дамытуға екпін жасауға тиіспіз» , - деді Қ.Тоқаев.

Айтқанындай-ақ, аймақтарда нелер талантты жастар бар. Тек оларды тауып, тәрбиелеп, бағыттау, жағдай туғызу керек. Жағдай демекші, Елбасы Биылғы Жолдауында өңірлік деңгейде резервтер табу арқылы бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың халыққа қолжетімділігін арттыруды тапсырды. Болашақта тиісті инфрақұрылымын дамытуға аса мұқтаж елді мекендерде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр. Ендігі мәселе осы мүмкіндікті дұрыс пайдалануда.

Әділбек Қаба

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564