Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Саңлақ 4937 2 пікір 18 Қазан, 2018 сағат 02:18

Дамир Тойбай - жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері

Бүгін Аргентина астанасы Буэнос-Айрес төрінде боксшыларымыз алтын медаль үшін күресіп жатыр.

Негізгі жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының ақтық сынына үш бірдей боксшымыз жолдама алған болатын.

Қазақстандық боксшылар арасынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан 91 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Дамир Тойбай ресейлік боксшыға жол берді. Қазақстандық боксшы қарсыласын қуалап жүріп сабағандай көрінген еді. Алайда төрешілердің шешімі мүлде басқаша болды. Бес төрешінің төртеуі Алексей Дроновты жеңімпаз деп таныды.

Төрешілердің түсініксіз шешімі жайлы жас боксшы жекпе-жектен кейін өз өкпесін айтты:

Алда тағы екі боксшымыз финалда бақ сынайды. Олар 91 келіде өнер көрсететін Айбек Оралбай мен 64 келіде жұдырықтасатын Талғат Шәйкен.

Бұлардан бөлек бұрымды боксшымыз Надежда Рябец (69-75 келі) қола жүлде үшін Алжир спортшысы Ичрак Чаибпен жұдырықтасады.

Abai.kz

2 пікір