Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Саңлақ 4089 2 пікір 12 Қазан, 2018 сағат 15:10

Әли Ахмедов мексикалық боксшыны нокаутпен жеңді

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (12-0, 9KO) кезекті жекпе-жегін АҚШ-тың Коста-Меса қаласында (Калифорния штаты) өткізді.

23 жастағы боксшы бұл жолы мексикалық Хавьер Гомеспен (17-14, 11КО) жұдырық түйістірді. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған болатын. Алайда, алғашқы раундта-ақ кездесу тағдыры шешілді. Ахмедовтың бүйірден жасаған ауыр соқысынан кейін 27 жастағы мексикалық жеңілісін мойындады.

Осылайша, жеңіліп көрмеген Али Ахмедов WBC-дің титулдар жүйесіне кіретін NABF (Солтүстік Американың бокс федерациясы) Junior чемпиондық белдігін жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз осының алдындағы жекпе-жегінде америкалық Хорхе Эскаланте жеңген болатын. Лос-Анджелесте өткен кездесудің төртінші раундында Ахметов нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Abai.kz

2 пікір