Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Аласапыран 6562 6 пікір 9 Қазан, 2018 сағат 09:44

Қазақстан кімді жақтайды, АҚШ-ты ма, Ресейді ме, Қытайды ма?

Біз «әлемдік» дегенде ең алдымен: АҚШ, Қытай, Ресей, Англия және Еуродақ мемлекеттерін айтамыз. Бұлардың ішіндегі әлемдік саясатқа елеулі  өзгерістер әкелуге қауқарлылары – АҚШ, Қытай және Ресей дер едім.

АҚШ – бүгінгі таңдағы әскери әл-ауқаты, экономикасы, яғни, күші жағынан бірінші орында тұрса, ал, адам санымен, әскери қуатымен емес, әскерлер санының көптігімен Қытай күн өткен сайын АҚШ-қа кәдімгідей бәсекелес болуға жарап қалды. Ресей – өзінің түсініксіз саясатымен, атом қаруымен АҚШ-пен бәсекелес болғысы келетіні белгілі. Бірақ, Қытай да, Ресей де АҚШ-қа ашық қарсы шыға алатындай күйде емес.

АҚШ-тың қазіргі президенті Д.Трамп – өзі таққа отырған күннен бастап, Қытайға ашық сес көрсете бастады, оларды экономикалық жағынан қыспаққа алуда. Осы Трамп Ресей президенті Путинге бір бүйрегі қанша жерден бұрып тұрса да, амалсыздан болуы мүмкін, әйтеуір Ресейге алуан түрлі экономикалық санкциялар салып, олардың экономикасын әлсіретуге тырысуда. Жасыратыны жоқ, Ресей амалсыздан АҚШ-тың айтқанына көнуге мәжбүр болып отыр. Әйтпесе, жуан жұдырық орыстардың мүмкіндік болса, ештеңеден де тайынатын түрі жоқ.

Соңғы ақпараттарға қарағанда: Қытай да, Ресей де - АҚШ қарулы күштеріне қарсы су асты соғысына дайындалып жатқаны белгілі болып отыр. Қытайда да, Ресейде де АҚШ-пен ашық күресетін дәрмен жоқ па, әлде басқа жол бар ма, біз ол жағын тап басып айта алмаймыз...

Бүгіндері Қазақстанның бүйірінде отырған мына алып Қытай – Қазақстан байлығына еркін қол салып, біздің алуды жақсы көретіндеріміздің аузын майлап, ұлт байлығының қызығын көріп жатқаны өтірік емес.

Ал, сол Қытайдың Шинжаңында тұрып жатқан біздің қандас бауырларымыз қазақтарды жазықсыз жаппай қудалап, соттап, жер аударып, еңбекпен түзеу лагерлеріне айдап, қуғындап, ойларына келгенін істеп жатса да, біздің қазақстандық билік «аш бәледен қаш бәле» дегендей «көрмес, түйені де көрмес» мінез танытуда. Бұған айқын дәлел, шекара бұзып келіп, бір бәледен аман қалғандай болған, «4-қазан күні Қазақстан билігі Сайрагүл Сауытбайға «Босқын» мәртебесін беруден бас тартты» (www.abai.kz). Жазықсыз жапа шегіп отырған қандастарымызға қол ұшын соза алмасақ, бұл кімнің сорлылығы болмақ?..

Ал, АҚШ тарапынан санкциядан кейін санкциядан көз аша алмай отырған Ресей бұрын боданында болған Қазақстан сияқты тәуелсіз мемлекеттердің тәуелсіздігін мүлдем мойындамайтындай сыңай танытып, оларды «Еуразиялық экономикалық одақ» дегенмен шыр көбелек айналдырып отырғаны, ал, біздің жоғарыдағылардың сол «орыс досына» бірдеңе деп өз пікірін ашық айтуға да жарамай әлсіздік танытып отырғаны тағы бар.

Құдай оның бетін ары қылсын, ертең ана үш алпауыт мемлекеттердің арасынан от шыға қалса, Қазақстан -  кімді жақтар еді: АҚШ-ты ма, Ресейді ме, жоқ, Қытайды ма?..

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3513