Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
3294 0 пікір 5 Қазан, 2018 сағат 11:00

"Баспана алам" деушіге бес кеңес

"Баспана" ипотекалық компаниясының басшысы Қайрат Алтынбеков "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасының болашақ қатысушыларына бес кеңес берді.

Ұйымдағылар "7-20-25" бойынша қазақстандықтарды толғандыратын сұрақтарға қатысты ауқымды ақпарат жинақтап, ипотекалық бағдарлама төңірегіндегі стереотиптердің басын ашып айтты.

1. Ешқашан тоқтамаңыз

Сонымен, сіз "7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана аламын деп шештіңіз. Құттықтаймын, сіз жолдың жартысына келдіңіз. Ең қиыны әрі маңыздысы - шешім қабылдау. Егер сіз жолдың жартысын жүріп тастасаңыз, кері қайтудың керегі не? Тек алға басыңыз. Пәтерді табыңыз, салушылармен сенімді келіссөздер жүргізіп, табандылық танытыңыз, банкке қажетті барлық құжатты тезірек жинауға тырысыңыз. Күтетініңіз үшін қорықпаңыз. Сіз банктің шешімін немесе салушымен сату-сатып алу келісімшартының қол қойылуын, құрылысшылар бір нәрсені толық аяқтамай, сізге пәтердің кілтін беруді күтіп жүрсіз бе, жоқ па - маңызды емес, баспана мәселесінде шешімді күту ең бастысы.

2. Ипотекаға салмақты көзқарас танытыңыз

Ипотека - қарыз. Ол сыйлық та, көмек те емес. Сондықтан, қарыз алу туралы келісімшартқа қол қоймай тұрып, барлығын таразыға салу керек. Сіз ай сайынғы төлемді төлей аласыз ба? Бағдарламаға қатысу үшін жеткілікті табыс керек. Өзіңіз де байқаған боларсыз, банктер әрбір өтініш берушінің төлемқабілеттілігін қатаң тексереді. Себебі "7-20-25" бағдарламасында барлық қаржылық қатер мемлекетке емес, банктердің өзіне келеді. Бұл бағдарламаға кірер кезде банктер несие бойынша шешімдерді өздері қабылдаймыз деген талаппен келді. Сондықтан, қатерге бастарын өздері тігеді, мемлекет емес.

Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз ше? "7-20-25" бағдарламасының ережесі бойынша, оған жеке кәсіпкерлер де қатыса алады. Бірақ банктер олардың қаржылық жағдайын микроскоптың астында тексергендей тексереді. Егер жеке кәсіпкердің табысы жақсы болса несие беріледі. Сонымен қатар, барлық банктің жеке кәсіпкерлерге несие бере бермейтінін есте сақтау керек.

3.  "7-20-25" бағдарламасына қатысты барлық ақпаратты тексеріңіз

"7-20-25" халық арасында кеңінен танымал, БАҚ-та, әлеуметтік желіде. Ол туралы айтады, талқылайды, мақтайды, сынайды. Оған қызықпайтын адам жоқ. Әрине, нарық та оған тез бет бұрды. "7-20-25" арқасында үй салушылар, тұрғын үй кооперативтері, микроқаржы мекемелері, тіпті жеке тұлғалар өз коммерциялық мүдделерін ұсынып жатыр. Ақпаратты әрдайым тексеріңіз. "7-20-25" ипотекасын бермейтіндер: құрылыс компаниялары, тұрғын үй кооперативтері, микроқаржы мекемелері мен жеке тұлғалар. Банк-серіктестер ғана береді. Сізде 7 пайыз бір жылдық мөлшерлемеден басқа артық төлем болмауы тиіс, ол негізгі қарыздың қалдығы ретінде есептеледі. Ай сайынғы төлемді кестеңіз бойынша салыстырып отырыңыз.

4. Үйді салғандармен саудаласуға ұялмаңыз

Көп жағдайда үй салушылар баспана құнын нарықтық бағадан жоғары бағалайды деп күтеді. Банктер несиелеу кезінде тәуелсіз бағалаушының қойған бағасына тоқталады. Мысалы, үйді салғандар пәтерді 15 миллион теңгеге бағаласа, бағалаушы - 12 миллион теңгеге, банктер сізге 9,6 миллион теңгеге несие беруге дайын болады. 2,4 миллион теңге - 12 миллион теңгеден 20 пайыз бастапқы жарнаңыз. Қалған 3 миллион теңгені қайтеміз? Ондай кезде үй салушымен саудаласу керек немесе жеткіліксіз соманы қалтаңыздан төлейсіз, болмаса басқа баспана іздейсіз.

5. Ипотеканы барлық 25 жылға алуға міндетті емессіз

Азаматтарымыздың көпшілігі "7-20-25" бойынша ипотекалық несие 25 жылға беріледі деп ойлайды. Олай емес. 25 жыл - несиенің ең шекті мерзімі. Сіз ипотеканы 1 жылға, 5 жылға, 10 жылға және басқа бір мерзімге ала аласыз. Мерізімін өзіңіз таңдайсыз.

Алдын ала төлеп тастау немесе ішінара төлеуді де өзіңіз шешесіз. Сіз кез келген уақытта несиені жаба аласыз, негізгі қарызды ішінара төлеп жабуға да болады. Мұның барлығы айыппұл санкцияларынсыз және артық төлемсіз жасалады. Пайыздар несиенің жүріп жатқан уақыты үшін ғана есептеледі. Мысалы, сіз 12 миллион теңгеге пәтерді 25 жылға алдыңыз. Сіздің ай сайынғы төлеміңіз - 68 мың теңге. Егер сіз 25 жыл бойы төлейтін болсаңыз, артық төлем 10,7 миллин теңге болады. Бірақ сіз 3 жылдан кейін несиені уақытынан бұрын жабамын деп шештіңіз. Онда сіздің артық төлеміңіз 1,9 миллион теңге болады. Сіз қалған 22 жылдың пайызын төлемейсіз.

Дереккөзі: tengrinews.kz

Abai.kz

0 пікір