Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 4563 4 пікір 4 Қазан, 2018 сағат 14:30

"Осы сендердің өз тілдерің бар ма?" деді

Кезінде Қазақ тілін мемлекеттік тіл ете отырып, оған Тіл туралы заңда "ресми тіл" дегенді мінгестіріп жіберуінің пайдалы жақтары болса болған шығар?!
Ол жағы мен үшін беймәлім..
Ал Қазақстан атты елдің мемлекет құраушы этносы - қазақтарды біріктіруге қызмет атқармағанына көзім анық жетті.
Үйде тілі орысша шыққан баланың ұлтқа қызмет ете қоюы қиын-ау деймін..
Қазір, әлдебір мысалдарды алдыға тартып, кеуделеп шыға келетіндер табылады. Бірақ енді, мені ондай сөздер сендіре алмайды..

Венгрияға оқуға барғанына бір-ақ ай болған ұлыммен күн сайын сөйлесіп тұрамын..
Ұлым оқып жатқан қалада Қазақстандық жастар баршылық екен.
"Бірақ басымыз қосылмай жатыр. Солтүстік облыстардың қазақтары Ресейліктермен бірге жүреді. Бір жолы әңгіме арасында солардың бірі "Біз елімізде қазақ тілін мүлдем пайдаланбаймыз" деп қалды.
Шыдамай, орнымнан тұрып, "Сен өзіңе жауап бер. Оңтүстік пен батыс облыстарда орыс тілін мүлдем білмейтіндер жетерлік" - деп, қайтарып тастауға мәжбүр болдым.
Ал бірде Әзірбайжан жігіттері "Қазақтар! Осы сендердің өз тілдерің бар ма? Әр қайсың әр топта жүрсіңдер" - деп намысқа тиерлік сөз айтып қалды. Қайтарар уәж табылмады"

Өмір Шыныбекұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499