Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 3662 1 пікір 4 Қазан, 2018 сағат 13:52

Кино көресіз бе?

Мен көремін. Қызықты кино. Осы кино басталғанда ел болып қуанған едік. Басты кейіпкерді де өзіміз таңдап алдық. Басталуы жақсы басталды. Ән ұранымыз шырқалып, көк туымыз желбіреп, Ата заңымыз бекітілді. "Ата заңымыздан аттағанның аяғын сындырамын",-деді кино қаһарманы.

Бұл киноны әлемге көрсетемін, айналама дарынды актерларды жинаймын, кинода тек қазақтар ойнайтын болады, "маған сеніңдер"-деп ұрандатты. Қуанып қалдық. Бірақ қуанышымыз алысқа бармады. Сөздері орысшаға ауып кетті, өзге ұлттар көбейді, халыққа жағымды кейіпкерлер атылды, байлықтың бәрі сатылды....

"Енді көрермен отырған жерді сатамын"-дейді.
Көрермендер бірден шулап кеттік: "Отырған жерімізді сатпаймыз! Біздің билетіміз бар! Билетке Ата-бабамыздың мөрі басылған!"- деп шулап жатырмыз, шулап жатырмыз!

Иә, капитан да қартайды, кинодан да мән кетті!
Кәрі капитанды айналшықтап шықпайтын, әлгі ұйғыр бар емес пе? Соны бір суханым сүймейді!!! Сіздің ше?

Айдар Темірбекұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

1 пікір