Жұма, 29 Наурыз 2024
2720 1 пікір 4 Қазан, 2018 сағат 10:07

Автобус өртінен қаза тапқан өзбекстандықтардың туыстары 150 млн теңгеден өтемақы талап етті

Ақтөбеде "автобус өрті ісі" бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот процесі барысында өзбекстандық 52 азаматтың туысқандары марқұмдардың әрқайсы үшін 150 миллион теңге өтемақы талап етті.

Ақтөбеде өтіп жатқан сотқа қаза болғандардың туыстары Түркістан облысы Сарыағаш ауданынан видео арқылы қосылып жүр. 3 қазандағы отырысқа Сарыағаштан Өзбекстанның Наманган облысынан келген жәбірленушілер - Абдулложон Хатамов пен Мирзабдулла Мадраxимов байланысқа шықты. Олар өздерімен бірге 22 жәбірленушінің қолы қойылған өтініш xатты ала келген. Хатта жәбірленушілер соттан айыпталушыларға ең қатаң жаза қолдануды, материалдық-моралдық шығын өндіріп беруді өтінген.

Жәбірленуші тараптың 150 млн теңге өтемақы туралы арыздарын естіген сотталушылардың туыстары бұл талаппен келіспеді.

Бұл қылмыстық іс бойынша сот алдында бес адам жауап беріп жатыр. Оның үшеуі – автобус жүргізушісі, екеуі – "Азия транзит сервис" фирмасының құрылтайшысы мен механигі. Автобус жүргізушілері – Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков пен Барат Таңатов 2018 жылдың 26 қаңтарынан бері Ақтөбедегі тергеу изоляторында отыр. Оларға "өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзды және "жол ережесі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзды" деген айып тағылған. Ал "Азия транзит сервис" компаниясының жетекшісі мен механигі кепіл төлеп, ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған.

Биыл қаңтардың 18-і күні таңертең Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықта Шымкент-Самара жолында жолаушылар автобусы өртенген. Билік орындарының хабарлауынша, автобуста барлығы 57 адам болған, олардың 52-сі қазаға ұшыраған. Құрбан болғандардың барлығы – Өзбекстан азаматтары. Екі жолаушы мен үш жүргізуші аман қалған.​

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594