Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Саңлақ 4146 1 пікір 3 Қазан, 2018 сағат 08:55

Ольга Рыпакова он жылдан кейін Пекин Олимпиадасының күміс жүлдесін алды

Қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова Бейжіңде (Қытай) өткен 2008 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері ретінде ресми түрде мойындалды.

Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

Халықаралық Олимпиада комитеті 2008 жылғы және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының допин-сынамаларын қайта қаралған болатын. Нәтижесінде 2008 жылы үш қарғып секіруден күміс жүлде алған ресейлік спортшы Татьяна Лебедеваның допингке қарсы ережелерді бұзғаны анықтады. Енді оның еншісіндегі күміс медаль қазақстандық жеңіл атлетке беріледі.

Бұған дейін 2008 жылғы Пекин Олимпиадасында қола медаль алған грек қызы Хрисопийи Деветци де допинг дауына ілігіп, оның қола жүлдесі Рыпаковаға берілетіні туралы шешім шыққан болатын.

Осылайша, Пекинде төртінші орын алған Ольга Рыпакова араға он жыл салып күміс жүлдегер атанды.

Abai.kz

1 пікір