Сенбі, 20 Сәуір 2024
3640 0 пікір 3 Қазан, 2018 сағат 08:41

Б. Сағынтаев «Роял Датч Шелл» концерні бөлімшесінің директорымен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев барлау және өндіру бөлімшесінің директоры Энди Браун бастаған «Роял Датч Шелл» концерні өкілдерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстандағы «Шелл» компаниясы қызметінің кейбір мәселелері, соның ішінде Қарашығанақ және Солтүстік Каспий кен орындарын игеру жөніндегі жобаларды іске асыру аясындағы мәселелері талқыланды.

Қазақстанда «Шелл» ағылшын-голландтық энергетика концерні төрт жобаға қатысады: Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім, Қарашығанақ кен орнының өнімдерін бөлу туралы түпкілікті келісім, «Жемчужина» лицензиялық учаскесін дамыту бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім және Каспий құбыр консорциумы.

Компания түрлі бизнес-сегменттерде, соның ішінде геологиялық барлау, мұнай мен газ өндіру, көмірсутектерді тасымалдау мен мұнай өнімдерін өткізу саласында қызмет атқарады.

Abai.kz

 

0 пікір