Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
3084 3 пікір 3 Қазан, 2018 сағат 08:32

Ресей Сирияға С-300 зымыран кешендерін жеткізді

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу

С-300 зенит-зымыран кешендері Сирияға жеткізілді деп есеп берді Қауіпсіздік кеңесінің алдында Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу.

Мәліметке қарағанда, төрт кешенмен бірге негізгі анықтау системалары, локаторлор және басқару машиналары жеткізілген.

Дамаскіге С-300 зымыран кешендерін екі аптаның ішінде жеткізу туралы мәлімет 4 қыркүйекте белгілі болған. Оған 17 қыркүйекте Жерорта теңізінде болған оқиға себеп болған. Латакия провинциясында Израиль әуерейді ресейлік Ил-20 ұшағын құлатқан. Ұшақтағы 15 әскери қызметкер түгел қаза тапқан.

Abai.kz

3 пікір