Жексенбі, 16 Маусым 2024
46 - сөз 4896 6 пікір 1 Қазан, 2018 сағат 17:34

Өзімізден басқа кім кінәлі?

1916 жылы Ресей айдаладағы Германиямен соғысына отар елдерді мәжбүрлеп тартқанда Қазақ жаппай қарсы шықты. Бөтен ұрысқа араласпаймыз деп көтерілді Ата-Баба.

Ал 1941 жылы Ресей Германиямен қайта шағысты. Алайда ашаршылық пен қуғын-сүргіннен сағы сынып есеңгіреген Қазақ бұл жолғы соғысты Отандық деп қабылдады. Бір халықтың санасын 25 жылдың ішінде ақтан қараға, 180 градусқа бұрып жіберу мүмкін екен. Мейлі, бұны отарлық заманның езгісімен түсіндіруге болар еді.

Алайда бүгін Қазақ елі Тәуелсіз болғанына 27 жылдан кейін де отар заманның қамытынан шыға алмай жүргеніне не дерсіз? Еуразиялық одақ, Қазақ жеріндегі Ресей полигондары мен ақпаратының үстемдігі, Теңгеміз Рубльге малай болғаны т.б. айтылғанға дәлел.

Және бастысы - бұған өзімізден басқа кім кінәлі?

Расул Жұмалының facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір