Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4980 0 пікір 31 Наурыз, 2011 сағат 16:08

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және «Статойл» Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Абай» блогы бойынша Қағидаттар туралы Келісімге (ҚТК) қол қойды

Осы жылдың 16 наурызында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және «Статойл» Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Абай» блогы бойынша Қағидаттар туралы Келісімге (ҚТК) қол қойды.

Осы келісімге орай тараптар «Абай» жобасын іске асыру барысында бірлескен қызмет шарттары бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Сонымен бірге тараптар алдағы уақытта Каспий теңізі шельфіндегі блоктарды игеру кезінде пайдаланылатын өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысын дайындауға «Статойлдың»  қатысуы туралы келісті.

- Біз халықаралық теңіз мұнай-газ жобаларын іске асыру барысында «Статойл» компаниясымен ынтамақтасуға, бұл компанияның тәжірибесі мен технологиясын тартуға қызығушылық танытамыз. Қағидаттар туралы қол қойылған келісім тараптардың Каспий теңізінде біздің компанияларымыздың  стратегиялық жағынан бірлесе жұмыс істеуге деген ниетін көрсетеді,- деп атап айтты  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылдин.

«Абай» блогына бірлесіп операторлық етудің «Статойл» үшін халықаралық маңызы бар. Бұл келісім «Статойлдың» Қазақстанға қайтып оралуына мүмкіндік жасайды, сол себепті мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен берік әріптестік орнатылғанына өте қуаныштымын, - деді «Статойлдың» барлау жөніндегі атқарушы вице-президенті Тим Додсон.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  «Абай» блогы жер қойнауын пайдалану құқығына  ие болу  мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен тікелей келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр. Тараптар жобаны жүзеге асыру барысында қазақстандық қызметкерлерді оқыту және әлеуметтік жобаларды қаржыландыру міндеттерін өз мойындарына алады.

Анықтама:

Қазақстан Республикасы және Норвегия Корольдігі достық байланыстар мен ынтымақтастықты және мұнай-газ саласында  келісім мен ынтымақтастықты әрі қарай дамыту жөнінде Бірлескен Декларацияға 2004 жылдың 25 мамырында қол қойды.

2005 жылдың 30 маусымында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Статойл» «Абай» учаскесінде ықтимал ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік  туралы Меморандумға қол қойды.

2010 жылдың 3 маусымында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Статойл» Алматы қаласында өткен  4-ші Халықаралық инвестициялық саммит шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Абай учаскесі Каспий теңізі Қазақстан секторының солтүстік бөлігі жағалауынан 8-10 м.тереңдікте 65 шақырым қашықтықта орналасқан.

0 пікір