Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5689 0 пікір 31 Наурыз, 2011 сағат 15:50

Қызылорда облысында тұрғын үй салу көлемі артты

ҚЫЗЫЛОРДА. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистка департаментінің деректеріне қарағанда, облыста биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда,пайдалануға берілген жаңа тұрғын үйдің жалпы және пайдалы алаңы 56,3 пайызға көбейген. Бұл көлемнің 30 974 шаршы метрді құрағанын көрсетеді.

Жаңа тұрғын үйдің пайдалануға берілуінің  өсуі облыстың 6 ауданында байқалды. Олар Шиеліде - 70,1, Қармақшыда - 69,0, Сырдарияда - 53,3,  Жаңақорғанда - 41,1, Қазалы - 25,2,  Аралда 10,5 пайызға өскен. Бұл тізімде тек Жалағаш ауданы ғана жоқ.

Облыстағы аудандар арасында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңының едәуір үлесі Қызылорда қаласына тиесілі. Ол мұнда 63,5 пайыздың мөлшерінде.

0 пікір