Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5035 0 пікір 31 Наурыз, 2011 сағат 15:48

ҚР Президенттігіне кандидат Ғани Қасымов әкімшілік басқарудың «қысқа» жүйесін құруды ұсынды

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Серік Сабеков/ - ҚР Президенттігіне кандидат Ғани Қасымов облыстық әкімдікті таратуды ұсынып отыр. Бұл пікірін ол бүгін Астанада өткен онлайн желідегі конференция барысында мәлім етті.

«Мен әкімшілік басқарудың түсінікті әрі «қысқа» жүйесін құруды ұсынамын. Үкімет - министрлік - аудандық әкімдіктер», - дейді Ғ.Қасымов және ол өзінің көппартиялық парламентті  жақтайтынын атап айтты.

Ғ.Қасымовтың айтуынша, қазір облыстар мемлекет кезінде мол қаржы салғандықтан аяқтан тік тұрған, енді өздері ақша табуы тиіс.

«Мемлекеттің қаржысы мен көмегі ауылдарға жіберілуі керек. Біз бір-екі жыл ішінде ауылдарымыз Эстония, Франция мен Жапониядағы сияқты шағын қалашыққа айналатындай қайта құратын боламыз», - деп уәде етті ҚР президенттігіне үміткер.

0 пікір