Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5305 0 пікір 31 Наурыз, 2011 сағат 15:46

Ақтөбедегі Альянс банк филиалында шағын және орта кәсіп өкілдеріне арналған ашық есік күндері өтті

АҚТӨБЕ. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін «Альянс Банк» АҚ-ның филиалында «Даму» қорының филиалы және қалалық кәсіпкерлік бөлімінің қолдауымен шағын және орта кәсіп өкілдері үшін ашық есік күндері ұйымдастырылды.

«Альянс банк «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді атсалысуда. Біз облыс халқын және кәсіпкерлікті одан әрі қолдауға дайынбыз», - дейді Ақтөбедегі банк филиалының директоры Гүлмира Жолаева.

Филиал директорының айтуынша, бүгінгі таңда «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысында 2 жоба ғана қаржыландырылған. Ал жалпы құны 400 млн. теңге болатын бірқатар жобалар қаралуда.

0 пікір