Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3201 0 пікір 31 Наурыз, 2011 сағат 09:12

Нұрлан Ерімбетов: «Біз сайлау барысын әкімшілік ресурстардың құралына айналдырып алдық»

- Референдум өткізу туралы ұсыныс пен кезектен тыс президент сайлауы арасында саяси технологиялар туралы не айтасыз?

- Біздің билікте саяси технологиялар болса, мен олардың алдында басымды иер едім. Өкінішке орай олай емес. Қазір билік басындағы топтарды екіге болады: Бірі - жаңашылдар- либералдар, екіншісі -консерваторлар.  Кешегі референдум туралы ұсыныс немесе президент сайлауының  қортындысы   әлгі екі топтың тағдырын шешеді.

- Кешегі рефрендум барысында 5 млн 200 мың адам Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдап дауыс берді. Бұл өзге 3 үміткердің меселін қайтарып жүрмей ме?

- Бұл Нұрсұлтан Әбішұлынан өзге үміткерлер үшін жаңалық емес.

- Сонда олар сайлауға атың шығару үшін ғана барып отыр дегіңіз келе ме?

- Жоқ, мүлдем олай емес.  Ғани Қасымов пен Жамбыл Ахметбеков осы сайлау кампаниясы арқылы келер жылғы парламенттік сайлауға дайындалып жатыр. Олардың парламенттегі тағдырын сайлау барысында электораттың таңдауы анықтайды.

- Үміткерлерді тіркеу кезінде сырт көзге шоу болып көрінген кейбір жағдайлар біздің сайлау мектебіндегі тәжірибеміздің мүлдем жоқтығын, саяси мәдениетіміздің қалыптаспағанын дәлелдеп берді. Бұл бұл президенттікке үміткерлерге қойылар талапты қатаңдату қажеттігін көрсеткен жоқ па?

- Референдум өткізу туралы ұсыныс пен кезектен тыс президент сайлауы арасында саяси технологиялар туралы не айтасыз?

- Біздің билікте саяси технологиялар болса, мен олардың алдында басымды иер едім. Өкінішке орай олай емес. Қазір билік басындағы топтарды екіге болады: Бірі - жаңашылдар- либералдар, екіншісі -консерваторлар.  Кешегі референдум туралы ұсыныс немесе президент сайлауының  қортындысы   әлгі екі топтың тағдырын шешеді.

- Кешегі рефрендум барысында 5 млн 200 мың адам Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдап дауыс берді. Бұл өзге 3 үміткердің меселін қайтарып жүрмей ме?

- Бұл Нұрсұлтан Әбішұлынан өзге үміткерлер үшін жаңалық емес.

- Сонда олар сайлауға атың шығару үшін ғана барып отыр дегіңіз келе ме?

- Жоқ, мүлдем олай емес.  Ғани Қасымов пен Жамбыл Ахметбеков осы сайлау кампаниясы арқылы келер жылғы парламенттік сайлауға дайындалып жатыр. Олардың парламенттегі тағдырын сайлау барысында электораттың таңдауы анықтайды.

- Үміткерлерді тіркеу кезінде сырт көзге шоу болып көрінген кейбір жағдайлар біздің сайлау мектебіндегі тәжірибеміздің мүлдем жоқтығын, саяси мәдениетіміздің қалыптаспағанын дәлелдеп берді. Бұл бұл президенттікке үміткерлерге қойылар талапты қатаңдату қажеттігін көрсеткен жоқ па?

- Бұл жерде азаматтарымыз өзінің конституциялық құқығын қолданып тұр. Бірақ сіздің «саяси мәдениетіміз қалыптасқан жоқ»  деген пікіріңізді қолдаймын.  Бұл үлкен мектеп. Бұл сырт елдермен тәжірибе алмасудың алғы шарты. Біз осындай күлкілі жағдайлардан өтуіміз керек сияқты. Мен әр үміткердің соңында бір партия немесе қозғалыс болу керек деген ойлаймын.

Мысалы, өзін президенттікке үміткер ретінде ұсынғысы келген тұлға аудандық, облыстық деңгейдегі басқару мектебінен өтпеске?  Қысқасы, сайлау барысындағы кейбір жағдайлар біздің кейбір кемшіліктеріміздің бетін ашып берді. Қазіргі бастан кешіп жатқан құбылыстар мен кемшіліктерді  «коммунизмдегі солшылдықтың балалық ауруына» теңеуге болады.

- Біз президент сайлауы ел ішінде танылмай жүрген тұлғалардың өзін -өзі танытуына жол ашады деп үміттенген едік. Елдің назарында жүрген тұлғалардың сайлауға түсуіне билік мүдделі болмады ма, әлде екінші тарап ықылас танытпады ма?

- Елде жұрттың ықыласына бөленген тұлғалар баршылық. Кез келген өркенниетті елде  сайлау   үдерісі  «ел басындағы тұлғалар келеді, кетеді, мемлекет және жер ғана мәңгілік» деген ұғымның өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Көпшілік ел басқаруға келген тұлғаларға сондай көзқараспен қарайды. Ал біздегі жағдай - басқаша. Біз сайлау барысын әкімшілік ресурстардың құралына айналдырып алдық. Қоғамда сондай ой қалыптасуына өзіміз жол бердік. Біз бұдан арылуымыз керек. Сайлау барысын бақылайтын комиссия құрамына келуімнің де басты себебі осы.

- Бұған біздегі бір партиялық жүйе де кінәлі емес пе?   Мысалы кеше БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның жарлығымен Парламент Сенаты төрағасының орынтағынан БҰҰ-ның Женевадағы Бас директорына тағайындалған Қасым-Жомарт Тоқаев немесе Жармахан Тұяқбаевтар сайдың тасындай іріктеліп,   әртүрлі партияның атынан үміткерлер қатарын толықтырса,  сайлау көрігі де қыза түспес пе еді...

- Менің де айтпағым осы. Біздің қоғамдық санада «ел басқару тізгіні басқа тұлғаның қолына өтеді» деген ұғымның өзі үрей туғызады. Себебі біз басқа мектептен өткен жоқпыз. Біз үшін кез келген сайлау қоғамның қан жаңартуына мүмкіндік беретін кезекті саяси науқан болуы керек.

- Сіз өткен жылы «Президент командасындағы кейбір тұлғалар нанын адал жеп отырған жоқ. Олар жауапты сәтте билікті де, Президентті де қорғай алмайды» деген ащы сын айттыңыз.  Сіздіңше, қорғауды қажетсінетін билік пе, әлде президент пе?

- Президент те пенде. Оған да көмек керек. Демеу керек. Шетелдік ақпарарат құралдарында   Елбасының отбасы мүшелеріне қатысты алып -қашпа сөздер туралы  ресми Ақорда  «Бұл -жала. Біз Елбасымызды бұлай деп қаралауға жол бермейміз» деп айта алды ма? Жоқ, бірде -біреуі бас көтеріп шыққан жоқ.

Бізде жетістіктеріміз ғана емес, кемшіліктеріміз де Елбасының жеке басымен байланыстырылады.  Тіпті мемлекеттік тілдің тиісті дәрежеде салтанат құра алмауын Президенттен көреді.  Кезінде сол тапсырманың орындалуына жауапты тұлғалар   неге үндемей, күлімсіреп, түк болмағандай жүре беруі тиіс?  Қазіргі билікте жауапкершілікті өз мойнына алатын адамдар жоқ. Үкімет басшысынан бастап ауыл әкімдеріне дейін әңгімесінің әлқиссасын «Елбасының тапсырмасы бойынша, Елбасының айтуы бойынша» деп бастайды. «Бұл мәселені мен көтердім, бұл істі мен бастадым» деп ешкім айтпайды. Сондықтан, оның аяқсыз қалуына да жауап бермейді. Мәселе осында. Билікте жауапкершілік жоқ. Бәрі де Елбасының көлеңкесінде жүр. Өйткені, оларды бүгінгі елдің дамуы емес, Назарбаевтан кейін қалай өмір сүреміз деген мәселе жиі толғандырады. Шынын айтқанда, Президенттің жеке, адами драмасы жалғыз қалып қойғандығы. Себебі, қазір оның айналасында өзінің замандасы дерлік ешкім жоқ. Жанындағылардың бәрі дерлік  Елбасынан 20-30 жас кіші азаматтар. Оларды тек «Назарбаевтан кейін қалай өмір сүремін»  деген сұрақ толғандырады. Сондықтан жауапкершіліктен қашып, ертең әлдеқандай заман бола қалса бар кінәні тұңғыш президентке арта салмақшы. Ал бізге, қоғамға, халыққа олардың жауапкершілігі қажет. Өз бетінше жұмыс істей білетін іскер азаматтар керек.  Елбасын қорғай алмайтын Тұлғалардың елді, мемлекеттік мүддені әлемдік деңгейде қорғай алатындығына сіз сенесіз бе? Мен сенбеймін. Күні ертең олардың басым көпшілігі әлдеқандай заман болса «мен тек орындаушы ғана болдым. Мен бұған жауап бере алмаймын» деп жауапкершіліктен бойын алып -қашатыны сөзсіз. Мұндай жағдай тарихта мың мәрте қайталанған. Бұл режимнің тоталитарлық немесе авторитарлық болуына ғана қатысты емес. Бұл билік өкілдерінің азаматтық позицияларының жоқтығынан. Ертең билік ауысқан кезде осылардың қалай сайрайтынын қазір-ақ болжауға болады. Олар: «Мен ол жүйені ішінен ірітіп жүрдім», -  деп сайрайтын болады.  Өкінішке орай, бүгінгі биліктің табиғаты сондай. Билікке жақсы адамдар келмейді деп айта алмаймын. Келеді. Бірақ ол ортаның, жүйенің дегеніне көнеді.

- Сіз «Назарбаевтан кейінгі» тақырыптың беташарын Президенттің өзі бастап беруі керек дейсіз. Сіз тым ертелеу айтқан және тым батылдау айтылған идеяңыз арқылы әлдебіреулердің «қорасына» түсіп кеткен жоқсыз ба? Неге мұндай ұсыныс Ақордадан ауылы алыстау қонған сіздің ауладан айтылды?

-  Мұндай әңгімені айту маған да қиын. Осы әңгімені президенттің өзі алға шығару керек.  Бәріміз пендеміз. Бір-бірімізді алдамайық.  Бізде қазір президент басқа адам болса қалай болады, не болады?-деген үрей бар.  Мына Ресейді мен мақтамайын, басқа мемлекеттерді айтпағанда, бірақ менің Ресейдегі достарымда үрей жоқ.

Себебі, біздің саясатта билік ауысу тәжірибесі қалыптасқан жоқ. Ондай тәртіп, ереже қалыптасқан жоқ.  Сондықтан бүгін Назарбаевта үлкен жауапкершілік бар. Ол қандай жауапкершілік? Ертең ол кеткенде бізде үлкен қақтығыс басталмауы, әдет ғұрпымыз өзгермеуі, мен өзімнің бар дүниемнен айырылмауым керек. Жаңа саясат пен жаңа ереже пайда болмауы керек. Назарбаев бастаған, қалыптасқан саясат жалғасуы қажет.

Президент те - пенде. Ол да қорғауды, жаладан арашалап алуды қажетсінеді. Мысалы, батыстан тарап жатқан ақпарат құралдарында Елбасымыз жайлы жалаға негізделген ақпарат аракідік болса да жарияланып тұрады. Біз оған мән бермеуге үйреніп қалды. Күні бүгінге дейін Ақордадан жақтан «Бұл -жала. Біз Елбасымызға жала жабуға жол бере алмаймыз » деп бас көтеріп шыққан жан баласын көрмедім.

Мен Елбасын жаладан қорғап қалатын, қиын кезде қасынан табылатын топ керек деп ойлаймын.  Елбасының намысын қорғай алмайтындардың елді, мемлекеттік мүддені қорғай алатындығына кім кепілдік береді? Елбасы сайлаудан кейін осы әңгімені бастауы керек. Бұл жоғарыда айтып кеткен «Назарбаевтан кейін біздің өміріміз не болады» деген үрейдің бетін қайтарады, «алдағы он жылда ғана емес, алдағы жарты ғасырда да қазіргі басталған саяси-экономикалық реформалар заман ағымына қарай жалғасады» деген сенімге жол ашады. Қазір қазақ қоғамында президент сайлауын тірі қалу-қалмауымыз белгісіз майданмен теңейтін ұғым қалыптасып қалған.  Біз бұдан арылуымыз керек. Біз жетістіктерімізбен қатар кері шегінуге мәжбүр болған кезеңдеріміздің себебін де бір адаммен байланыстыратын жағымпаздық-қорқаулық   әдетімізден де арылуымыз керек.

-   Меніңше, Назарбаевтан кейінгі кезең  туралы ойлануға Елбасы емес, біздің қоғам әлі дайын емес тәрізді.

-  Бұл туралы үлкен әңгіме болу керек.   АҚШ -та  кіші Буш немесе үлкен Буш, ерлі -зайыпты Клинтондар тақырыбы ешкімді таңқалдырмайды. Себебі көкесі болды, енді баласы келді.  Кезінде үлкен Бушты билік басына алып келген саяси күштер оның баласын да алып келді. Бұл жағдай Клинтондарда да қайталанды.  Барак Обама олардың шешіміне құрметпен қарады, Сенаттан орын сберді. Егер, қазір № 1 Назарбаев деген әңгіменің өзі қазақты ғана емес, батысты да шалқасынан түсіруге дайын. Өз ішіндегі отбасылық сабақтастыққа түсінісе қараған батыс бізге неге шошып қарауы тиіс. Біз оларға «араласпаңдар, бұл біздің ішкі саясатымыз» деп айта алмаймыз. Неге? Себебі бізде ашықтық жоқ.

Қазір ғаламшар қазақ жеріндегі сайлаудың барысын іштен тынып қадағалап отыр. Егер, осы жолы сыр білдіріп алсақ, сырттан келіп билік айтуға  дайын тұрған күштер жетеді. Олардың  білек сыбана араласауына себеп те пайда болады. Біз  әділ сайлау арқылы оларға  жол бермеуіміз керек.

-Үлкен саясатта тұлғалық -танымалдылық  элементтің маңызы  өте зор.      Бұл тұрғыда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үлкен қолдауға ие.  Бұл қолдау  сайлаудан кейін батыл қадамдарға баруға мүмкіндік бере ме?

- Президент - Тұлға. Қайталап айтамын, оның командасындағылар неге оның тапсырмасымен шектелуі керек? Біздің сенаторларымыз бен мәжілісімендеріміз Парламенттегі орынтағын атасынан қалғандай     мұрадай сезінуі тиіс?

Елбасы сайлаудан кейін әділ,  ашық  бәсекелестік арқылы танылмай жүрген тұлғалардың танымал болуына жол ашады  деп үміттенемін.

- Егер, сізді сайлаудан кейін президент аппаратына жұмысқа шақырса, барасыз ба?

- Барамын.  Бірақ жай орындауыш болып,  алып кел, шауып  келді  мінезім көтермейді.      Шешім қабылдайтын лауащымға барғым келеді. Себебі мені ел таниды. Қоғамдық пікірдің қалыптасуына өз үлесімді қосып жүрмін.

- Билік, АҚОРДА-ның ауа -райы мінез -құлқыңызға әсер етпейтіндігіне сенесіз бе?

- Сіз мені жақсы білсеңіз, мұндай сұрақтар қоймаған болар едіңіз.

Түпнұсқадағы тақырып: «Елбасы ел ішінде танылмай жүрген тұлғалардың   әділ бәсеке арқылы танылуына жол ашады деп үміттенемін»

Сұхбаттасқан Гүлбаршын Айтжанбай

«Айқын» газеті

 

0 пікір