Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3443 0 пікір 31 Наурыз, 2011 сағат 06:58

Мұхтар Шерім. Ғаббас аға, күлкі күніңіз құтты болсын!

Осылай өзімізді өзіміз қытықтамасақ, ой, кешіріңіз, құттықтамасақ, үкімет бізді көздеріне де ілмейді... Өйткені, КҮЛКІ КҮНІНЕ ресми статус берілмеген... Әйтпесе, ақсақал ретінде сізді,  аса қадірлі Үмбетбай Уайдин ағамызды,  інілеріңіз Ермахан Шайқыұлыны, Берік Садырды, Еркін Жаппасты, бәрімізді шақырып алып, Мәсімов бетімізден мүләйімсіп сүйіп, Шөкеев шөпілдетіп сүйіп, қолымызға бір-бірден қалам ұстатып жіберуге болады ғой... Мәз болып қалар едік, ә, ағатай?

Күлкі күнін бірен- саран теледидарлар Толымбекті шақырып сұхбат алғаны болмаса, газеттер «Күлкі күндерің құтты болсын!» деп анекдоттар жариялағаны болмаса, еліміз бойынша естен шықпастай етіп мерекелеп жатқан кім бар? Мәдениет басқармалары Алдаркөсе, Тазша бала, Қылкеңірдектерін көшелерге шығармайды ма? Сөйтіп, жұрттың көңілдерін бір көтеріп тастамайды ма? Облыс, аудан әкімдері сатириктері бар болса, шақырып алып, шаштарын тарап бермейді ме? Ой, біз тым аз екенбіз ғой, ағатай... «Қызыл кітапқа» кіріп кете жаздап отырмыз! Біздің «тұқымымызды» көбейту керек.

Күлкі күні құтты болсын, Ғаббас аға! Өзіңізді құшақтайын десем Алматыдасыз, Үбетбай аға екеуіңізге, анау Толымбекке, Ермахан мен Еркінге  айтыңыз, көшеге шығып алып, қарқылдып, бірі тырқылдып күлсінші. Жұрт Бірінші сәуір күлкі күні екенін білсін де... Жұрт бірін-бірі алдап, мәз болыссын, Үкімет халықты онсыз да алдап жатыр, алдап жатыр...

Бүгін біздің мерекеміз, Ғабеке! Кеше Ермахан хабарласқан, үйінде бір қодас сойып жатыр екен. Бәрімізді қонаққа шақырып жатыр. Мені ала кетіңіз, бірге барайық. Еркіннің ішегі түйіліп қалыпты дейді сол рас па? Күле беремін деп... Ол да « Күлейікші kz» кафесінде марқұм Оспанхан, Әзиз Несин ағаларына арнап, ас беріп жатыр дейді. Барайық.  Айтпақшы, «Жас Алаш»  газетінде Әмірхан Меңдеке «Сүзеген сөздің» авторларына  арнап  айран беріп жатыр дейді. Ішсеңіз болды, күле береді екенсіз... Айран ішіп қайтайық, ішегіміз ағарсын... Толымбек Әлімбектің тізесіне сақал шығыпты дейді. Барып, құтты болсын айтып қайтайық, Ікке, алдап тұрған жоқпын...

Ғабеке, Күлкі күніміз құтты болсын! Осылай бір-бірімізді құттықтап тұрайықшы... Осылай бір-бірімізді іздеп жүрейікші...

«Абай-ақпарат»

0 пікір