Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3239 0 пікір 31 Наурыз, 2011 сағат 04:35

Ливияның сыртқы істер министрі Ұлыбританияға қашып кетті

АСТАНА.  31 наурыз. ҚазАқпарат  - Ливияның  сыртқы істер министрі Мұса Куса күтпеген жерден  Лондонға ұшып келді.

Ол  Муаммар Каддафидің режимінен  қашып келіп  отыр,  деп мәлім етті  Ұлыбритания үкіметі.

ВВС телекомпаниясының  хабарлауынша, бұған  дейін Триполи өкілі Ливия сыртқы саясат  ведомствосын  2 жыл басқарған Мұса Кусаның  шетелге  дипломатиялық миссиямен аттанғанын  мәлім еткен  болатын.

"Бірақ  Куса мырза өз лауазымынан кететінін  британ өкіметіне мәлім етті", - деп   хабарлады Британияның  Сыртқы  істер  министрлігінен.

Куса  сәрсенбі күні  Англияның  оңтүстігіндегі Фарнборо  әуежайына Тунистен келіп қонған.  Ливия  министрімен     британ арнайы  қызметтерінің  өкілдері   ұзақ  уақыт  бойы   сөйлесіп, оның   ниетінің  шынайылығына көз жеткізген.  «Біз Каддафидің  төңірегіндегілерді  де осылай етуге  шақырамыз»,  - делінген   британдық    ведомствосының   мәлімдемесінде.

Ұлыбритания сыртқы  істер министрі Уильям Хейг  бұған дейін Парламентте  жасаған   мәлімдемесінде,   Лондондағы Ливия елшілігінің бес қызметкері,  оның ішінде әскери атташе  де  елден   шығарып  жіберілгенін айтқан  еді.  Хейгтің айтуынша,  олар   Ұлыбританияның   ұлттық  қауіпсіздігіне  қатер төндіруі  мүмкін.

0 пікір