Жұма, 29 Наурыз 2024
Саңлақ 4137 0 пікір 27 Қыркүйек, 2018 сағат 11:05

Демалыс күндері «Алматы туры 2018» веложарысы өтеді

29-30 қыркүйек күндері оңтүстік астанамызда «Алматы туры 2018» халықаралық шосседегі кәсіби веложарысы өтеді.

Еліміздің осы күздегі басты спорттық оқиғаларының бірі саналатын веложарыс Алматыда алтыншы рет қатарынан ұйымдастырылып отыр. Осы жолы да өткен жылдағыдай доданың екі кезеңі болады және 30 қыркүйекте Медеу мұз айдынындағы мәреде аяқталады.

Бірінші кезең ҚБТУ ғимаратының алдындағы «Астана» алаңынан басталады, содан кейін пелотон «Қала айналымы» көшелерімен жүріп өтеді – барлығы 7 айналым, сөйтіп, жарыс «Астана» алаңындағы мәреде аяқталады (183,4 шақырым). Ал екінші кезеңнің сөресі «Халық Аренадан» басталып, мәресі өткен жылғыдай «Медеуде» орналасады (152,2 шақырым).

Жарысқа әлемнің 15 елінен келген велошабандоздар қатысады. Жалпы 19 команда бақ сынайтын болады. Былтыр өткен жарыста Astana Pro Team спортшылары Алексей Луценко мен Якоб Фульсанг бірінші орын алған болатын.

Биыл өзіміздің «AstanaProTeam» велокомандасынан бөлек. Франциядан «DelkoMarseilleProvenceKTM» құрлықтық командасы келеді, Бұл команда «Алматы турының» дәстүрлі қатысушысы. Қазақстан мен Ресейдің ұлттық құрамалары келеді. Қалғандары құрлықтық командалар, олардың қатарында петропавлдық «VinoAstanaMotors» және алматылық «AppleTeam» командалары бар.

«Алматы туры» - Орталық Азиядағы ең ірі веложарыстардың бірі және өткізіліп келе жатқалы бері талай спортшы мен велоспорт жанкүйерлерінің назарын аударды. Бүгінде туристердің де қызығушылығын арттырып отыр. Жарысты жыл сайын 60 елде Eurosport телеарнасы арқылы тікелей эфирден тамашалап жүр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3542