Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3385 0 пікір 31 Наурыз, 2011 сағат 04:33

АҚШ-та Наурыз мейрамына арналған ТҮРКСОЙ концерті өтті

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат  -  Вашингтонның  тарихи театрларының бірі - Линкольн  театрында  28 наурызда   Наурыз мейрамына арналған  концерт  өтті.

Бұл туралы Қазақстанның АҚШ-тағы    елшілігі  хабарлады.

ТҮРКСОЙ Түркі  мәдениетінің   халықаралық  ұйымы  ұйытқы  болған бұл  шараға   Наурыз  тойын тойлайтын елдердің елшіліктері,  сондай-ақ   US Turkic Network сияқты     қоғамдық   ұйымдар  қолдау көрсетті.  Еуразияның  түркітілдес  халықтарының  мәдениет    паш  еткен      концертке     Әзірбайжан,    Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан,   Түркия  елдері мен    Башқұртстан,   Хакасия, Тува,  Қырым-татар және  Гагауз  автономияларының   әртістері   қатысты.

Жиналған қауымның алдында  сөз сөйлеген  ТҮРКСОЙ бас  хатшысы Дүйсен  Қасейінов    табиғаттың   оянуын,  жаңаруын    бейнелейтін Наурыз мейрамының   маңызын  атап көрсетті.

ТҮРКСОЙ-дың   ұйымдастыруымен   мұндай концерттер  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  ғимаратында,   Нью-Йорктегі  «Таун Холлда» да  өтті.

0 пікір