Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3529 0 пікір 30 Наурыз, 2011 сағат 04:48

Серік Әбдірешұлы. Ауылдың қадірі неге қашты?

Ауылға Қазақстандағы адамдар өз діліне байланысты әр түрлі көзқараспен қарау арқылы оның мәселесін де соған сәйкес шешуге ұмтылып келеді. Осыған орай ел саясаты кімнің қолында болса (орыстілдінің бе, қазақтілдінің бе), соған орай ауыл проблемасына қатысты шешім қабылданып келе жатқандығы рас. Бірақ бұл - егемен Қазақстан кезеңіне тиесілі уәж. Ал, кеңес билігі тұсында қазақ ауылының мәселесі қазақ таңданарлықтай шешілді. Ол екі сатыдан тұрды:

- көшпелі қазақ ауылын аштық арқылы жойып, ұжымдастыру арқылы отырықтандыру;

- құлданған ауылды аграрлы  индустрияға айналдыру.

Кеңес өкіметінің қос сатылы бұл саясаты өте шеберлікпен жүзеге асты. Алғашқы кезеңде көшпелі халқының қырық пайызы өткен ғасырдың 20-30  жылдарын қамтыған ашаршылық арқылы және қуғын-сүргін нәубетімен элитасы жойылған қазақ ауылы  өзінің етенелік (этникалық) келбетінен жұрдай болумен алғышарты жасалу арқылы ұжымдастыру (колхоздастыру) науқанына толық «әзір» болған еді. Осылайша, қазақтың енапат даласы болашақ кеңес шаруашылығының полигонына «үкімет пен партиядан» бата алып, колхоз-совхоз құруға жарыса кірісті.

Әрине, бұл шаруашылықты қазақтың өзіне тән шаруа түрлерімен салыстыруға мүлде болмайды. Жаңа қоғам өзіне қажет шаруашылық пен ауыл адамын жасақтауын ешкім де қисынсыз дей алмас еді. Нәтижесінде бұрынғы аштан қырылған және қудаланған қазақтың жаңа ұрпағы өртеңге шыққан өлең шөптей кеңестік өкіметтің  ауылдық жаңа қоғамын жасақтайтын шикізат болды да шықты.

Большевиктер билігі қазақ ауылын аштықпен сиретсе, соңғы саясаттың нәтижесінде ауыл тұрғындары қалаға тентіреп сиреді. Мұны кейбір саясатшыларымыз жағымды урбанизациялау үрдісіне балауда. Бірақ кез келген процестің жасанды жолмен жүруі ойдағыдай нәтиже бермесі анық. Қазіргі кезде қай ұлт қаланы басса, елді де сол билейді деген тұжырымның қаншалықты шындық екенін саралау бөлек мәселе.

Дегенмен, қызыл өкімет тұсында Қазақстанда мал өсіру мен аграрлық бағыттағы ауыл шаруашылығының  іргетасы қаланып, ол колхоз-совхоз түрінде іргесін жайды, осылайша қазақ ауылында орнықты шаруашылықтар бой көтерді. Мал шаруашылығы (аграрлық саланы айтпағанда)  экстенсивті болса да, оның   индустриясы қалыптасты, совхоздардың арқасында ауылда өндіріс пен қазақ жұмысшылары пайда болды. Сонымен бірге, сол кезге тән Қазақстанның ауылдық инфрақұрылымы жасақталды.

Көңіл қуантарлығы сол, ауыл адамы рухани жағынан кеңестік жүйенің құлақкесті құлы болса да, провинциялық толыққанды төменгі биліктің бояуы қанық болды. Әрбір ауыл төңірегі шаруашылық жағынан совхозбен не колхозбен қамтылып, үкіметтің ең төменгі буыны ретінде ауылдық кеңес өз міндетін атқарып, рухани-саяси жағынан парторг бақылады. Сөйтіп, кеңшар директоры - ауылкеңтөр - парторг үштігі ауыл өмірінің толық тіршілігін қамтамасыз етті. Бұл ауылдық әкімшілік жүйенің со заманның кәдесіне молынан жараған саяси жүйе екеніне қазір ешкім де шәк келтіре алмайды.

Мұны айтып отырғандағы мақсатымыз, қазіргі ауылдың өз дәуіріне сәйкес билік жүйесінің жоқтығын аңғарту. Қазір бір ауылда бір әкімнен: ауылдың қожасы да, молдасы да сол. Оның қолында не қаржы, не құзыр жоқ - итаршы ғана. Кеңес заманындағы дәуірлеген шаруашылықтардың ыдыраған орнына  жеке шаруаларды туындатудың соңын саралап, әлгі біртұтас жүйенің ыдырау салдарын мемлекет тарапынан ешкім де талдаған емес. Бүгінгі парадокс сол - шаруашылығы күйзелген ауылдың шаруасын басқаруға мүйізі қарағайдай Ауыл шаруашылығы министрлігінің бар екендігі, бірақ құрыған кеңес өкіметі ғұрлы нәтиженің жоқтығы.

Бәлкім, бір кездері сағатша тірлік еткен кеңшар-ұжымшарларды қиратпай-ақ, оларды бар болғаны бөлімшелер деңгейінде ғана жіліктеп, ұжымдық шаруашылық етіп, ортақ техникалық мүмкіндікті (МТС) ауыл әкімшілігінің құзырына бергенде, ауыл келбеті кәзіргідей күйзеліп, жұрт тентіремес пе еді?! Енді бұрынғы ортақ (мемлекеттік деп атамай-ақ) игілік талан-таражға түскені өз алдына, оның орнына ештеңе жасақталмаған қазіргі ауыл проблемалар ордасына айналып отыр.

Қазіргі қазақ ауылы төменгі билігімен де, рухани қуатымен де, шаруасымен де, кеңестік кезеңінен еңсесі түсіңкі. Бұған басты себеп - ауылдың дамуына кеңес кезіндегідей міндет жүктеліп, миссиясы белгіленген нақты тұжырымдама жасалмағандықтан және оның жүйесінің ойластырылмағандығынан.

Біздің ойымызша, шаруасы күйлене қоймаған ауылға Ауыл шаруашылық министрлігі емес, оның келбетін заманға толық сәйкестендіре қалыптастыратын Ауыл министрлігі қажет. Өйткені, ауылды бүгінде кешенді түрде дамытатындай мемлекеттік құрылым жетіспейді. Бұл министрлік сонда ғана ауылға шаруашылық көзі деп қарамай, ауыл - ең әуелі елдің демографиялық көзі, мемлекеттің іргесі және саяси-әкімшілік жүйенің байсалды буыны деп қарап, ауылдың елдегі қадыры шын мәнінде артар еді. Сонда ғана қазіргі Ауыл шаруашылық министрлігі арқылы там-тұмдап әрі ағып-тамып, бай-манаптарға жұғым болып жатқан қаражат өз қажетіне жұмсалып, нәтижесін берер еді, ауыл келбетін көріктеуге сеп болар еді. Ауылға деген тиісті мемлекеттік саяси тұжырым мен ерікті көзқарас бағытталар еді. Елдің іргесінің сөгілмеуін көксейтін аңсар мен азаматтық қажет... Жалпы, егемен Қазақстан Кеңес империясы жасақтаған ауыл қирандысының орнына өз ауылының шаңырағын көтеруді шаруашылық деп қана емес, демографиялық ошақ және мемлекеттік бірлік ретінде қарағаны нұр үстіне нұр болар.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594